«Ұлы дала елі» қолшатыр брендін пайдалану құқығын беруге арналған конкурс – Қазақстанды бай тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері бар ел ретінде таныстыруға, сондай-ақ отандық өндіріс пен брендтерді ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі. Бұл конкурс компанияларға, өндірушілер мен ұйымдарға қазақстандық ұлттық мұраның бір бөлігі ретінде өз өнімдері мен қызметтерінің танымалдылығын арттыру үшін «Ұлы дала елі» брендін пайдалануға мүмкіндік береді.
«Ұлы дала елі» қолшатыр брендін пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ ұлттық имиджді нығайту және отандық тауарларды халықаралық аренада ілгерілету үшін маңызды құрал болып табылады.
Осы жылы экспорт саласында жоғары көрсеткіш көрсеткен 4 компания беделді наградаға ие болды:
«IZOTERM» өндірістік–сауда компаниясы» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы), басшысы – Сәрсенов Маулен Арынұлы.
Компания Қазақстандағы алғашқы минералдық мақта негізіндегі жылу- және дыбыс оқшаулағыш материалдар өндірісін жүзеге асырады және өнімін экспортқа шығарады.
«IT&M» ЖШС (Алматы қ.), құрылтайшысы – Төлемісов Марат Шағанбекұлы.
Кәсіпорын синтетикалық көбік каучук негізіндегі MISOT-FLEX маркалы жоғары сапалы материалдарды шығаратын Қазақстандағы жалғыз өндіруші болып табылады.
«ПК «АГФ Групп» ЖШС (Шымкент қ.), құрылтайшысы – Насырова ГауҺар Майданқызы.
Ұлттық нарықтағы ең ірі үй текстиль өндірушісі, өнімдерінің 80%-ын «Аруа» брендімен экспортқа шығарады.
«Конденсат» АҚ (Батыс Қазақстан облысы), бас директоры – Гадельшиев Руслан Рахимбердіұлы.
Компания Қазақстандағы К-5 экологиялық класты моторлық отындардың алғашқы өндірушісі болып табылады және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.



