2025 жылғы 5 желтоқсанда елордамыз Астанада Президенттік «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Елдің барлық аймақтарынан келген кәсіпкерлер өз лайықты наградаларын алу үшін жиналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарға құрметті статуэткаларды табыстап, олардың елдің дамуына қосқан сәтті үлестері үшін ризашылығын білдірді.
«Алтын сапа» қатысушылары сапа моделінің критерийлері бойынша көпсатылы бағалаудан өтеді, оның ішінде стратегиялық басқару, өндіріс пен қызмет көрсету, тұтынушылардың қанағаттануы, инновацияларды енгізу және қоғамға қосқан үлесі қарастырылады. Бұл сыйлық қазақстандық бизнестің жоғары сапа стандарттарын қызметкерлерге, қоғамға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен үйлестіре алатынын көрсетеді.
2025 жылғы конкурсқа барлығы 222 кәсіпорын қатысуға өтініш білдірді, олардың ішінен тек 100 кәсіпорын қатысу рәсімінің толық кезеңін аяқтады. Олардың ішінде шағын кәсіпкерлік – 43, орта кәсіпкерлік – 39, ірі кәсіпкерлік – 18 кәсіпорын.
«Алтын сапа – 2025» сыйлығының қорытындылары
«Үздік индустриалды жоба» номинациясының жеңімпазы – Шымкент қаласындағы «KARLSKRONA LC AB» ЖШС, құрылтайшысы – Ахметов Уәлихан Бауыржанұлы.
Компания насос жабдықтарын (тұмба қондырғылар, консольдік, көп сатылы насосдар), электротехникалық және стандарттан тыс жабдықтарды, қара металл мен қорытпалардың құймаларын, сондай-ақ өрт сөндіру және қысымды көтеру станцияларын шығарады.
«Үздік инновациялық жоба» номинациясында жеңімпаз – Астана қаласындағы «AG TECH» ЖШС, құрылтайшысы және бас директоры Подвалов Александр Юрьевич.
Компания өндірісті автоматтандыру жүйелерін және DMMS өндірісті басқару жүйесі сияқты инновациялық бағдарламалық өнімдерді әзірлейді, ол кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін, бақылауды және аналитиканы қамтамасыз етеді.
«Өндірістік тауар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында жеңімпаздар:
«Силумин-Восток» ЖШС, Шығыс Қазақстан облысы, құрылтайшысы – Паньшин Константин Анатольевич.
Кәсіпорын өнеркәсіп нысандарына арналған цифрлық және инженерлік инфрақұрылымды шығарады, заманауи электрмен жабдықтау, автоматтандыру, цифрландыру және жасанды интеллект технологиялары қолданылады.
«KSC-PLAST» ЖШС, Алматы қаласы, құрылтайшысы және бас директоры – Щербинин Алексей Валерьевич.
Инженерлік пластикалық конструкциялар, жиһаз және медициналық төсек өндірісі, өнімдері ылғалға, ультракүлгін сәулеге және дезинфекциялық заттарға төзімді.
«OSS Kazakhstan» ЖШС, Маңғыстау облысы, құрылтайшысы және бас директоры – Есбосынов Чингис Мақсұтұлы.
Мұнай-газ саласына арналған кен орын жабдықтары мен бұрғылау құралдарын шығару және жеткізу.

«Халық тұтынатын тауар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында жеңімпаздар:
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Алматы облысы, бас директоры – Рзаев Фарух Раджиевич.
Әртүрлі ауруларды емдеу және алдын алу үшін 100-ден астам фармацевтикалық препараттар шығарады.
«Азурит» ЖШС, Қостанай облысы, құрылтайшысы және бас директоры – Шипилкина Светлана Валерьевна.
Арнайы киім, мектеп формасы және қазақстандық брендтік ортопедиялық өнімдер шығарады.
«SAGITEX GROUP» ЖШС, Түркістан облысы, құрылтайшысы және басшысы – Жамалдин Нұркен Сәғидоллаұлы.
Трикотаж бұйымдарының кең ассортиментін шығару және сату.

«Азық-түлік және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында жеңімпаздар:
«Эмиль» ЖШС, Шығыс Қазақстан облысы, бас директоры – Аберле Анна Эрвиновна.
Сүт өнімдерін шығару және өңдеу.
«Әулие-Ата Феникс» ЖШС, Жамбыл облысы, құрылтайшысы – Жүнісова Фарида Амансарықызы.
Тауық етін өндіретін құс фабрикасы.
«MG» ШҚ, Алматы облысы, құрылтайшысы және бас директоры – Тұрсынәли Марлен Тұрсынәлиұлы.
Тауарлық балық өсіру, оның ішінде балғындарды инкубациялау, форель мен басқа да балық түрлерін өсіру, дайын өнімді сату.

«Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында жеңімпаздар:
«Astana Hotel Project» – Holiday Inn Express Astana Turan ЖШС, Астана қаласы, құрылтайшысы – Есимсеитов Марат Сансызбаевич.
Халықаралық стандарттарға сәйкес қонақүй қызметтерін көрсету.
«Марал-Нұр» ЖШС, Қызылорда облысы – Құрылтайшысы және бас директор: Нұрсайтов Мұрат Тоқпанұлы.
Теміржол көлігімен жолаушылар тасымалы, сандық ДЕПО, Wi-Fi, кітапхана және ойын-сауық қызметтері бар жайлы вагондар.
«Зару» ШҚ, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қазан ауылы, құрылтайшысы және бас директор – Тілегенова Бану Жұбанғалиқызы.
Аралас ауыл шаруашылығы және пантотерапия бойынша санаторлық-курорттық қызметтер.

Маңыздысы, жеңімпаз кәсіпорындар заманауи технологияларды қолданады, өндірісті халықаралық стандарттарға сәйкес дамытады, әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға белсенді қатысады, сондай-ақ тұрақты даму бойынша мемлекеттік бастамаларды қолдайды.



