«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ЗОНТТЫҚ БРЕНДІН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРУГЕ ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» зонттық брендін пайдалану құқығын беру конкурсына өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурстың негізгі мақсаты отандық компанияны және оның жоғары сапалы өнімдерін «Ұлы дала елі» зонттық брендімен тауарларды экспорттау кезінде ынталандыру және позициялау, елдің шетелде танылуын арттыру болып табылады.

«Ұлы дала елі» зонттық бренді халықаралық нарықтарда Қазақстан брендін ілгерілететін Қазақстанның үздік отандық тауар өндірушілеріне тапсырылады.

Конкурсқа қатысушылар келесі өлшемшарттарға сай болуы қажет:

- өнімнің бір түрін өндірудің жалпы көлемінің кемінде 10% көлеміндегі экспорт үлесі;

- тауарларды өндіру, қызметтер көрсету кезіндегі жергілікті қамту үлесі (кемінде 30%);

- халықаралық бизнес қауымдастықтарына мүшелік;

- лицензиялардың, рұқсаттардың, патенттердің болуы;

- халықаралық наградалардың, дипломдардың болуы;

- сауда маркасын тану, ұсынылған портфолио бойынша компанияның оң имиджі (құпталады). 

Конкурсқа:

1. қызметті нарықта кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

2. тарату сатысында емес, банкрот деп танылмаған;

3. жер қойнауын пайдаланушылар болып табылмайтын;

4. өтінімде дұрыс мәліметтер көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Конкурсты өткізу тәртібі:

Өтінімдерді қабылдау ttps://altynsapa.kz ресми сайтта 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін онлайн жүзеге асырылады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі осы жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей салтанатты түрде өткізіледі.