Атырау облысы «Қазақстанның үздік тауары – 2025» байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысын шығарды

2025 жылғы 31 мамырдаАтырау қаласы, «Қазақстанныңүздік тауары-2025» көрме – конкурсыныңөңірлік кезеңі өтті, оған өңірдің 51 кәсіпорнықатысты. 

Іс – шараға келушілер – облыс орталығының тұрғындарымен қонақтары-өңірдің үздіккомпанияларының өнімдерімен танысып, тауарларды қолжетімді бағаменсатып алды. Сондай-ақ, барлық қатысушылар үшінконцерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Арнайыкомиссия жұмысының қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылды: 

«Үздік өндірістік тауарлар» номинациясы бойынша: 

  • «Касхим» ЖШС
  • «CENTECH Атырау электротехникалықжабдықтар зауыты» ЖШС,
  • «Edyge» ЖШС.

«Халық үшін үздік тауарлар» номинациясы бойынша: 

  • «Бекарыс» ЖК
  • «Нұрриза» ЖК
  • «Назар» ЖК

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша: 

  • «Абылай хан» ЖШС
  • «Раяна» ЖК(«Perizat tattileri» бренді)
  • «Асыл Ана»ЖК

Өңірдің тоғыз кәсіпорны«Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық байқауында Атырау облысының атынан қатысады.