Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

2025 жылы 13 маусымда Үшіншімегаполисте «Қазақстанныңүздік тауары-2025»көрме-конкурсыаяқталды. Ауқымдыіс-шараға тамақ, фармацевтика,машина жасау, химия,жеңіл жәнеқұрылыс өнеркәсібі жәнебасқа да салалардың 100-ден астам компанияларымен тауар өндірушілері қатысты. 

Байқау-көрмегеқала әкімі жәнесалалықбасқармалардың басшылары келіп қатысты. Айта кетейік, «Қазақстанныңүздік тауары-2025»өңірлік байқауына белгіліотандық компаниялар да, жаңа бастаған тауар өндірушілер де қатысты. Олардың ішінде «Сайрам-нан»,«Фиркан»,«Балтекстиль»,«Экофарм»,«Карлскрона» және т.б. компаниялар бар. Байқауқатысушылары азық - түлік,тұрмыстық заттар ментоқыма бұйымдарынан бастап медициналықөнімдерге, жиһаздар менөндірістік жабдықтарға дейін көптеген тауарларшығарады. 

Конкурсқорытындысы бойынша тәуелсіз сарапшы-аудиторлар,бизнес-қауымдастықтар, салалық қоғамдықбірлестіктер және жергіліктідеңгейдегі мемлекеттік органдар өкілдеріненқұралған сараптама комиссиясыүш номинация бойынша дипломанттарды таңдады: 

- «Халықүшін үздіктауарлар»:«Тігінәлемі KDM» ЖШС, «Sagitex» ЖШС және «БалТекстиль» ЖШС;

- «Үздік азық-түлік тауарлары»: «Алан жәнеКомпания»ЖШС, «Фиркан»ЖШС және «Сайрам нан» ЖШС;

- «Өндірістікмақсаттағы үздік тауарлар»:«QazAlPack»ЖШС, «Asia Trafo»ЖШС және «KarlskronaLC AB» ЖШС,

Өңірлікбайқаудың жеңімпаздары салтанатты түрде бағалы сыйлықтарменмарапатталды. Олардың барлығы «Қазақстанның үздік тауары-2025» көрме – конкурсының финалдық кезеңіне қатысу үшін республикалық комиссияның қарауына жіберілетін болады.

Көрме-байқауаясында көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламаұйымдастырылды.