Қарағанды облысының кәсіпкерлері «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысуға дайындалуда

Қарағанды облысында екі беделді ұлттық конкурсқа — Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына және «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысуға белсенді дайындық жалғасуда. 

Қарағанды облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасында 2025 жылғы 22 мамырда «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты және «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрме-конкурсын өткізу тәртібі мен әдіснамасы тақырыбында конкурстарға қатысуды жоспарлап отырған бизнес өкілдері үшін оқыту семинары өтті. Іс — шараға ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан бастап шағын және орта бизнес субъектілеріне дейін 30-ға жуық қатысушы қатысты. 

Тыңдаушыларға конкурстарды өткізу тәртібі мен ережелері ғана емес, сонымен қатар сапа саласындағы халықаралық конкурстармен таныстырылды, «мүмкіндіктер» және «нәтижелер» өлшемшарттарының мәнін ашты, кәсіпорынның өзін-өзі бағалау әдістемесі туралы айтып, инновациялар туралы хабардар етті. Семинарды Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының сапа саласындағы «Алтын Сапа» сыйлығының және ТМД-ның сарапшысы Татьяна Юн жүргізді. 

Ол қатысушыларды өтінім беру тәртібімен, бағалау әдіснамасымен және қатысудың негізгі критерийлерімен егжей-тегжейлі таныстырды. «Алтын сапа» байқауы кәсіпорын деңгейінде сапа менеджменті жүйесін бағалауға бағытталғанын, ал «Қазақстанның үздік тауары» өнімдер мен тауарларға ерекше назар аударатынын атап өтті. Семинар барысында бизнес субъектілері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. 

Қатысушылар өтінімдерді дайындау бойынша практикалық ұсыныстар алды, сондай-ақ конкурстық материалдарды ұсынудың техникалық аспектілері мен форматына қатысты сұрақтар қойды. Оқыту гибридті форматта өтті, бұл облыстың шалғай аудандарынан келген кәсіпкерлерге қосылуға мүмкіндік берді. 

Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға оқудан өткенін және конкурстарға қатысуға дайындығын растайтын сертификаттар берілді.