
Ағымдағы жылдың 5 мамырында Маңғыстау облысының кәсіпкерлер Палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсының, «Қазақстанның үздік тауары-2025» өңірлік көрме-конкурсының әлеуетті қатысушыларымен, конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін алдын ала бағалау бойынша сараптамалық топ мүшелерімен, сондай-ақ өткен жылдардағы конкурстардың лауреаттары және жеңімпаздарымен оқыту семинары өткізілді. Қатысушыларға қатысу ережелері түсіндірілді. Семинарға 20-дан астам кәсіпкерлік субъектілері қатысты, оқыту аяқталған соң барлық қатысушыға сертификаттар табысталды.
Аталған конкурстардың ұйымдастырушысы 2015 жылдан бері Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы, ал «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесінің ұйымдастырушысы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер Палатасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығы өнiмнiң және/немесе көрсетілетін қызметтердiң сапасын бақылауда ұйымның елеулі нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз еткені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерiн енгiзгенi үшiн берiледi.
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметін жандандыру мақсатында өткізіледі.
https://mangystautv.kz/kz/news/40617
https://www.instagram.com/reel/DJWJ3idSEjb/?igsh=bzB6c294MGxiNjB1