
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Павлодар облысында ұйымдастырған конкурс өңірлік көрмесі Павлодар қаласындағы жастар бастамаларын дамыту орталығында өтті.
Көрмеге Павлодар облысының әр түрлі қалаларынан және ауылдарынан келген тауар өндірушілердің өнімдері қойылды.
Бұл шараға 4 шілде күні үміткерлердің материалдарын сараптау тобы таңдап алған 50 бизнес субъектісі қатысты.
«Соңғы екі жылда Қазақстанның бизнесі пандемияның дағдарыс әсерлерімен және тұтынушылық талғамдармен күресуіне тура келді. Мен сіздердің дағдарысты жеңіп, жаңа өнімдер мен тауарлар жасауға шабыт берген еңбекқорлықтарыңызға, шығармашылықтарыңызға, ерік-жігерлеріңізге таңқалып отырмын», — деді Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Садвакасов.
Көрмедегі конкурс қорытындысы бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында лауреат дипломдарын Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Өтешов табыс етті.
Бұл номинацияда лауреат атанғандар: «Казэнергокабель» АҚ, «Проммашкомлект» ЖШС және «Тотал Сервис» ЖШС.
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша дипломдар Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернұр Жаутикбаевтың қолынан табысталды.
Бұл номинацияда жеңімпаздар: «ЭкоДом – Павлодар» ЖШС, «ПродМастер ПВ» ЖШС және «Царская каша KZ» ЖШС.
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Садвакасов «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша лауреаттарға дипломдарды табыстады: ИП Битнер А.В. («Город мастеров»), «Молком Павлодар» ЖШС және «Павлодарское учебно-производственное предприятие ОО «Казахское общество слепых».
Заместитель директора региональной Палаты «Атамекен» Тимур Жантемиров вручил памятные призы участникам выставки.
В 2015 году Указом главы государства Национальная Палата предпринимателей «Атамекен» стала оператором конкурса на соискание премии Президента РК «Алтын сапа» и республиканского конкурса–выставки «Лучший товар Казахстана», девять сегодняшних победителей представят наш регион на республиканском этапе.