«Ең үздік тауар Қазақстанда» республикалық конкурсы-выставкасының онлайн дауыс беруі аяқталды.

25 қазаннан 26 қазанға қараған түні www.altynsapa.kz сайтында «Ең үздік тауар Қазақстанда» республикалық конкурсы-выставкасының онлайн дауыс беруі аяқталды.

27 финалист үш номинацияда ұсынылды:

  • «Өндірістік тауарлар»;
  • «Халыққа арналған тауарлар»;
  • «Азық-түлік тауарлары».

Онлайн дауыс беру ағымдағы жылдың 15 қазанынан 25 қазанына дейін өтті.

Әрбір қазақстандық бір номинация бойынша үш кәсіпорынға дауыс бере алды. Жеңімпаздар биылғы жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін марапаттау салтанатында жарияланатын болады.