«Ең үздік тауар Қазақстанда» COVID-19 пандемиясына байланысты өткізілмейді.

Сіздерге хабарлаймыз, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Е.Кошановтың (2020 жылғы 3 сәуірдегі №20-1328 тапсырмасына сәйкес) биылғы жылға арналған «Ең үздік тауар Қазақстанда» өңірлік конкурстар-выставкаларын (мамыр-маусым айларында жоспарланған) және сәйкесінше «Ең үздік тауар Қазақстанда» республикалық кезеңін өткізбеу туралы шешім қабылданғанын хабарлаймыз.

Бұл шешім елдегі төтенше жағдайға байланысты және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 «Коронавирус инфекциясының Қазақстан Республикасына әкелінуін және таралуын болдырмау бойынша шараларды күшейту туралы» қаулысына негізделген.

Онлайн өтінімдер «Ең үздік тауар Қазақстанда» конкурсына қатысу үшін қабылданбайды, бұрын берілген өтінімдер жойылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» премиясын алу конкурсы белгіленген тәртіпте өтеді, қатысуға онлайн өтінімдер қабылдау жалғасуда.

«Ең үздік тауар Қазақстанда» конкурстар-выставкаларын өткізбеу немесе «Алтын сапа» конкурсына қатысу бойынша сұрақтармен +7 775 584 0538 нөмірі арқылы хабарласуға болады.