
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президенттің «Алтын сапа» сыйлығына және республикалық «Үздік тауар Қазақстанда» конкурс-көрмесіне қатысу бойынша хабарлайды.
Еліміздегі COVID-19 эпидемиологиялық жағдайының тұрақсыз болуына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жаппай іс-шаралар, оның ішінде көрмелер өткізуге қойылған тыйымға байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша 2021 жылы «Үздік тауар Қазақстанда» конкурс-көрмесінің аймақтық және республикалық кезеңдері өткізілмейтінін хабарлайды. Осыған орай, берілген өтінімдер жойылады және өтінім қабылдау тоқтатылады.
Конкурс ұйымдастырушысы «Алтын сапа» сыйлығына үміткерлерді қабылдауды 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғастырады.