
Маңғыстау облысында 26 тамызда сағат 11:00-де «Grand Nur Plaza» қонақүйінде «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқауы өтеді.
Маңғыстау облысының отандық өндірушілерінің өнімдерінің алуан түрлілігі зор: жол-құрылыс материалдары, жұмсақ плитка, әйнек-пластикалық және полиэтилен құбырлар, бұрандалы сорғылар, жиһаз өнімдері, текстиль, аспаздық, шұжық және нан-тоқаш өнімдері.
Ең үздік тауар өндірушілер үш категория бойынша номинацияланады: «Үздік өндірістік кәсіпорын», «Халық тұтынатын өнімдер шығаратын үздік кәсіпорын» және «Үздік қызмет көрсететін кәсіпорын».
Биыл бұл шараға облыстың 16 ұйымы өтінім берді: «Үздік өндірістік өнімдер» – 7 компания, «Үздік халық тұтынатын өнімдер» – 5 компания, «Үздік азық-түлік өнімдері» – 4 компания.
Байқауға қатысу – бұл үлкен сегменттелген аудиторияға шығу, өнімнің артықшылықтарын көрсету, оған деген қызығушылықты бағалау, әлеуетті клиенттерді тарту, өнімді іске асыру және сонымен қатар жұмыс істейтін салаларда бедел жинау үшін тамаша мүмкіндік.