
Ертең Өскеменде «Ең үздік тауар Қазақстан-2016» аймақтық конкурс-көрмесі өтеді
Шығыс Қазақстан облысының 60-тан астам тауар өндірушілері жыл сайынғы аймақтық «Ең үздік тауар Қазақстан-2016» конкурс-көрмесіне өз өнімдерін алып келеді.
Бұл жерде азық-түлік, текстиль, жиһаз, медициналық жабдықтар, құрылыс материалдары және басқа да көптеген өнімдер қойылады.
Конкурсқа тапсырылған құжаттар сарапшылар комиссиясы тарапынан бағаланып, тиісті бағалау нәтижесінде үш номинация бойынша үміткерлер саны анықталады. Олар: «Үздік өндірістік тауарлар», «Үздік халыққа арналған тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлар».
Осылайша, 2016 жылдың 5 тамызында сағат 10:00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында (Сәтпаев даңғылы, 55) жыл сайынғы «Ең үздік тауар Қазақстан-2016» конкурс-көрмесі өтеді.
Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысының ең озық кәсіпорындары жыл сайын өз өнімдерінің жоғары сапасы, қауіпсіздігі және бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді.
2015 жылы «Үздік өндірістік тауарлар» номинациясында «СТНС-88» ЖШС, «Kazfoam» ЖШС, «Бриссоль» ЖШС үздік деп танылды. «Үздік азық-түлік тауарлар» номинациясында «Багратион-Улан» ЖШС, «SUN-BEE ALTAI» ЖШС, «Шығыс Ажар Торг» ЖШС марапатталды. «Үздік халыққа арналған тауарлар» номинациясында «Роза» (Валяльно-войлочный комбинат)» ЖШС, «УК Юнис» ЖШС, жеке кәсіпкер «Тұңғатарова А.К.» жеңіске жетті.