«Атамекен» кәсіпкерлерді семинарға шақырады.

Маусым айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына және республикалық конкурс-выставкасына «Ең жақсы өнім Қазақстанда» қатысуды жоспарлаған кәсіпкерлер үшін 16 өңірде семинарлар өтеді.

НПП мәліметі бойынша, семинарға қатысушыларға, олардың қатарында шағын, орта және ірі кәсіпкерлік өкілдері де бар, конкурс материалдарын дайындауға консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіледі, конкурс өткізу тәртібі мен ережелері түсіндіріліп, сапа саласындағы халықаралық конкурстар туралы ақпарат беріледі.

Семинарлар осы жылдың маусым айында облыстық кәсіпкерлер палаталарының базасында, Астана мен Алматы қалаларында өтеді. Семинарлар өткізудің кестесі www.altynsapa.kz сайтында жарияланған.

Семинарға қатысу үшін өтініштерді семинарлар өткізу кестесінде көрсетілген байланыс деректері арқылы өңірлік кәсіпкерлер палаталарына жіберу қажет.

Қосымша ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: 8 (7172) 919 388 (вн.1931).