«Алтын сапа»: өзіңді танытуға мүмкіндік

40-тан астам компания «Алтын сапа» және «Үздік тауар Қазақстан» конкурстарына дайындық мәселелері бойынша оқу семинарына қатысты.

Лектор, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Жұмыспен қамту департаментінің директорының орынбасары Салтанат Абдикаримованың айтуынша, «Алтын сапа» конкурсы мен «Үздік тауар Қазақстан» көрме-конкурсына қатысқысы келетін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздерінің қызмет нәтижелері туралы ақпаратты дайындау процесіне мұқият қарауы керек.

Салтанат Абдикаримова атап өткендей, конкурстарға қатысу үшін өтінім дайындау барысында кәсіпкерлер көбінесе қателік жасап, стандартты есептерді ұсынады немесе бұл жұмысты бөтен адамдарға тапсырады. Нәтижесінде комиссияның қарауына кәсіпкердің қызметі туралы толық ақпарат берілмеген құрғақ есептік материалдар түседі.

«Бұл үлкен қателік. Өйткені бизнестің өзі болмаса, оның қызметі туралы толық әрі сапалы ақпаратты ешкім бере алмайды. Сондықтан конкурстарға қатысушыларға бұл мәселені ерекше назарға алу қажет», - деп атап өтті НКП өкілі.

Лектор ұйымның аталған конкурстарға қатысу арқылы сапа менеджменті жүйесін бағалау бойынша критерийлерді қолдану арқылы өз қызметін жақсартуға және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, яғни қаржылық мәселелерді шешуде табысты қадамдар жасауға мүмкіндік алатынын айтты.

«Ұйым өз қызметін тәуелсіз бағалау алып, жоғары білікті сарапшылардың сапа саласындағы ұсыныстарын алады. Бұл ұйымның дұрыс стратегиясын қалыптастыруға және болашақта табысқа жетуге көмектеседі. Сонымен қатар, конкурсқа қатысу ұйым ұжымының сапа мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік береді, олардың шешімдеріне белсенді қатысуға түрткі болады», - деді С. Абдикаримова.

Семинар барысында тыңдаушыларға кәсіпорынның қызметін өз-өзін бағалау қалай жүргізілетінін түсіндіріп, «Алтын сапа» және «Үздік тауар Қазақстан» конкурстарына қатысу ережелері мен тәртібі туралы мәлімет берілді, сондай-ақ басқа елдердегі сапа менеджменті жүйесін бағалау үлгісі көрсетілді.

Айта кету керек, биылғы конкурстарға қатысу ережелері өзгеріссіз қалды.

Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, маманнан компетентті жауаптар алды.