Батыс Қазақстан облысындағы «Қазақстанның ең үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесі мәреге жақындап келеді.

Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы 27 тамызда Орал қаласында, Облыстық қазақ драма театрында, сағат 14:00-де «Қазақстанның ең үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесінің өтетінін хабарлайды.

«Қазақстанның ең үздік тауары» байқау-көрмесі үш номинация бойынша өткізіледі:

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
  • «Халыққа арналған үздік тауарлар»;
  • «Үздік азық-түлік тауарлары».

Қала мен облыс бойынша 23 кәсіпорын өздерінің үздік өнімдерін ұсынады. Биыл байқауға тек ірі және орта кәсіпорындар ғана емес, жеке кәсіпкерлер де қатысуда, бұл өндірістік кәсіпорындарды сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға ынталандырады.

Облыс кәсіпорындарының көбі байқауға бірнеше рет қатысуда, мысалы, «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС, «Стекло-Сервис» ЖШС, «Родник» фирмасы» ЖШС, «Агропродукт LTD» ЖШС. Сонымен қатар, байқауға алғаш рет қатысып жатқан кәсіпорындар да бар, мысалы, «НАНОБЛОК» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС. Бұл байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері отандық өнімдердің сапасын арттыруға бағытталған кәсіпорындардың қызметін жандандыру, нарықты жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен толтыруға жәрдемдесу, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді импортпен бәсекелесуге тарту болып табылады.

Еске саламыз, 2015 жылдан бастап республикалық «Алтын сапа» және «Қазақстанның ең үздік тауары» байқауларының ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы болып табылады, сәйкесінше өңірлік деңгейде «Алтын сапа» және «Қазақстанның ең үздік тауары» байқауларының ұйымдастырушылары өңірлік кәсіпкерлер палаталары болып табылады.