Қазақстандық «пазлдар» жеңіске үміттенеді

Жамбыл облысында қазақстандық балаларға арналған жұмсақ пазлдарды жасау идеясы туындады.

Бұл және басқа да өнімдер «Жастар клубы» қоғамдық бірлестігі мен «Айналайын» балалар-жасөспірімдер орталығының туристер арасында сұранысқа ие болды – фирмалық белгілері бар тауарлар Австрияға, Америкаға, Францияға және Ұлыбританияға жіберілді.

Қазіргі уақытта өндірушілер жергілікті нарықты бағындыруды мақсат етіп отыр – олар қазақстандық ноу-хауды облыс балабақшаларында көргілері келеді. Өз өнімдерін танымал ету үшін олар түрлі байқауларға қатысуды жоспарлап отыр, олардың бірі 12 тамызда Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыратын «Қазақстанның ең үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесі болады. Қоғамдық бірлестік өз өнімдерін «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында ұсынатын болады.

Ұйымның тарихы 2004 жылы Айгүл Разақова бастамасымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында «Жастар клубы» қоғамдық бірлестігі мен «Айналайын» балалар-жасөспірімдер орталығы құрылған кезде басталды. Клуб жылдам танымалдылыққа ие болды және 2010 жылы ЮНЕСКО клубы мәртебесін алды. Бүгінгі таңда оның үйірмелеріне 500-ден астам түрлі жастағы балалар қатысады. Қазіргі уақытта волонтерлер, экология, тігін, театр, би және өнер үйірмелері жұмыс істейді.

Клуб тұрақты қаржыландыруға мұқтаж болғандықтан, Айгүл Разақова екі жыл бұрын ұйымның тігін цехының негізінде жеке кәсіпорын ашу туралы шешім қабылдады. Бүгінгі күні төрт шебер басшымен бірге киізбен қапталған керегелерді безендіру, қалыңдыққа арналған жиһаз, жұмсақ бескаркас балалар жиһазы және басты «ойлап табу» – жұмсақ балалар логикалық пазлдарын жасап жатыр.

«Бұл пазлдармен біз байқауға қатысып, Қазақстанды бағындыруды мақсат етіп отырмыз», - дейді А. Разақова. – «Бірнеше балабақша осы пазлдарды сатып алды, және біз барлық балабақшаларда жақын болашақта біздің өндірісіміздің осы дамытушы ойыншықтарын көргіміз келеді».

Оның айтуынша, бүгінгі таңда клубта қолөнермен әйелдер-інвалидтер оқытылады, оларды болашақта өзінде жұмысқа орналастыруды жоспарлап отыр.

«Әр жаз сайын үйдің ауласында, біздің кеңсе орналасқан жерде, біз киіз үйлерді орнатып, балалар лагерін ұйымдастырамыз», - дейді А. Разақова. – «Көріп тұрғаныңыздай, бізге клубтар мен лагерьлерді жүргізу үшін қаржы қажет. Біздің өнімдерді сатудан түскен барлық пайда клубты қолдауға жұмсалады, сондықтан қазақстандықтар бізді қолдайды деп сенеміз».