«Алтын сапа» конкурсына өтінімдер қабылдау аяқталды.

Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Президенті «Алтын сапа» сыйлығына конкурс ұйымдастырушысы ретінде, www.altynsapa.kz сайтында конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау АЯҚТАЛҒАНЫН хабарлайды.
Өтінімдер 2022 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданды. Биыл конкурсқа қатысу үшін 281 кәсіпорыннан өтінімдер түсті.
Келесі кезеңдерге өту үшін ұйымдастырушы белгіленген нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес конкурс рәсімдерін жалғастырады.