
Хабарлама
Құрметті кәсіпкерлер!
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына және республикалық «Ең үздік тауар Қазақстанның» конкурсына қатысу аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазанындағы № 194 Жарлығына сәйкес әр өңірде конкурсқа қатысуға ниетті кәсіпкерлер үшін тегін оқу семинарларын ұйымдастырады.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты 2021 жылы оқу семинарларын өткізу әзірге жоспарланбаған.
Осыған байланысты, конкурстардың ресми сайтында www.altynsapa.kz «Оқу» бөлімінде жалпы бір оқу семинарын құрайтын 24 бейнемазмұн орналастырылғанын еске саламыз.
Бейнемазмұндар мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған.
Конкурсқа қатысқысы келетін үміткерлерге осы бейнемазмұндарды қарастыруды және олардың кезектілігіне сәйкес қажетті видеоларды көруге кеңес береміз.
Үміткерлер үшін кеңес алу мақсатында өңірлердегі конкурсқа жауапты тұлғалардың байланыстары ТУТ орналастырылған.
Егер өңірлерде оқу семинарларын өткізу туралы шешім қабылданса, хабарлама мен семинарлардың өткізілу кестесі осы сайтта наурыз айының соңында жарияланады. Осы ақпаратты өткізіп алмау үшін жаңалықтарымызға жазылып, Facebook әлеуметтік желілерінде бізді қадағалаңыз.