
Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Президенті «Алтын сапа» премиясына үміткерлер арасындағы конкурс ұйымдастырушысы ретінде 2021 жылдың 29 сәуірі, 13 және 27 мамыры, 3, 10, 17 және 24 маусымы күндері сағат 14.30-17.30 аралығында «Алтын сапа» конкурсына қатысуға ниет білдірген үміткерлер үшін вебинарлар өткізеді.
www.altynsapa.kz сайтында «Оқыту» бөлімінде конкурс бойынша бейнемазмұндар орналастырылған. Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендерге барлық бейнемазмұндарды тыңдауды және вебинарға қатысуды ұсынамыз.
Бейнемазмұндар, Қазақстан Республикасының Үкіметі №1167 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті «Алтын сапа» премиясына үміткерлердің материалдарын рәсімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелеріне сәйкес әзірленген оқыту бағдарламасына сәйкес жазылған.
Бейнемазмұндар қатысушыларды келесі бағыттармен таныстырады:
- «Алтын сапа» конкурсының нормативтік құқықтық негіздерімен;
- Конкурсқа қатысуға өтінім беру тәртібімен;
- Ұйымның өзін-өзі бағалау әдістемесімен.
Қатысушылар ұйымның қызметін моделдеу негіздерімен танысып, өзін-өзі бағалау есебін жасау үшін қажетті білімдер мен мысалдарды алады. Бейнемазмұндар тыңдаушыларға ұйымды диагностикалау тәсілдерімен танысуға, модельді практикада тиімді қолдануға көмектеседі, үздік компаниялардың тәжірибесін зерттеуге, жақсартулар енгізуге және сапа саласындағы конкурстарға сәтті қатысуға ынталандырады.
Вебинарға www.altynsapa.kz сайтында өтінім берген «Алтын сапа» конкурсына қатысуға ниет білдірген үміткерлер қатыса алады. Қатысуға бір рет кез келген ыңғайлы күнді таңдау мүмкіндігі бар.
Вебинарға қатысу үшін, сілтемені алу үшін бірнеше сағат бұрын WhatsApp арқылы +7 701 925 14 64 нөміріне «вебинар» сөзін жіберу және/немесе өз өңіріңіздің РПП жауапты тұлғасына хабарласу қажет. Өңірлердегі конкурс бойынша жауапты тұлғалардың байланыс деректері осында орналастырылған.