Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына конкурс ұйымдастырушысы ретінде 2021 жылғы 3 маусым күні сағат 14:30-дан 17:30-ға дейін Zoom бейнеконференция платформасында өтетін «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына конкурс өткізу тәртібі мен материалдарды рәсімдеу ережелері» тақырыбындағы мемлекеттік тілдегі вебинар өткізілмейтінін хабарлайды.

Аталған вебинар мемлекеттік тілде 2021 жылғы 17 маусым күні сағат 14:30-дан 17:30-ға дейін өткізіледі.

Вебинарға қатысқысы келетіндерге сілтеме алу қажет. Сілтемені алу үшін вебинар басталардан бірнеше сағат бұрын +7 701 925 14 64 нөміріне WhatsApp арқылы «вебинар» сөзі жазылып жіберілуі тиіс немесе өз өңіріңіздегі ӨКП-нің жауапты қызметкеріне жүгінуіңізге болады.

www.altynsapa.kz сайтындағы «Оқыту» бөлімінде конкурстар бойынша бейнесабақтар орналастырылған. Конкурсқа қатысқысы келетіндерге барлық бейнесабақтарды тыңдап, вебинарға қатысу ұсынылады.