You are here
Сергей Сотников: «Бизнесті қолға алғанымызға аз уақыт болса да, өніміміз сұранысқа ие»
Бос қоймалар мен тұтынушылардың өсіп келе жатқан сенімі- оған дәлел. Бүгінде қостанайлық арматураны «EXPO 2017» нысандарында қолдануда, сонымен қатар «Қазақстанның үздік өнімі» өңірлік байқау-көрмесіне қатысуы өзін кеңінен танытудың бірден бір себебі болмақ. Кәсіпорынның директоры Сергей Сотников жаңа жоспарлары туралы palata.kz сайтына мәлімдеді.
Сергей Николаевич, «ЕвразКаспианСталь» бірінші рет беделді «Өндіріске арналған үздік тауарлар» байқауына қатыспақшы. Мұндай шешім қабылдауға не себеп болды?
- Кез келген кәсіпорын шығаратын өнімінің стандартқа сәйкес екендігін клиенттерге жеткізуде ақпараттандыруды, танымалдылығын арттыруды қажет етеді деп ойлаймын.
Мұндай беделді байқауға қатысу - бұл өзімізді, біздің шығаратын арматураның сапасы туралы танытуға мүмкіндік береді. Өнім ИСО 9001 сертификатына ие, кәсіпорын Бардин атындағы жетекші ғылыми-зерттеу институты басшылығымен жұмыс істейді. әрине, сонымен бірге кең көлемдегі ассортимент. Біз әр түрлі диамертдегі немесе металлургтер айтатындай әр түрлі «калибрдағы» арматуралар шығарамыз.Бұл құрылыс саласындағы ең өтімді тауар. Сондықтан біз қатысып, ең үздік атағына неге таласып көрмеске деп ойладық.
- Сіз үшін өнімнің сапасына тұтынушының баға беруі қаншалақты маңызды?
- Бұл біз үшін қажет. Біздің кәсіпорынның жұмыс істегеніне бір жыл ғана болды, бірақ осы кезең ішінде біз бірде бір рекламация алып көрген жоқпыз, тек 2015 жылдың өзінде 170 мың тонна араматура тиедік.Бізде сапа қызметі басшылық қарамағынан шығарылыған және аутсоринг бойынша жұмыс істейді, және ақау шыққан жағдайда олар жауап беретіндігі шартта нақты жазылған. Сондықтан да оларға бірдеңені жасыру, кейбір жерлерде келісуден еш пайда жоқ. Мақсат біреу - ақау болмау керек. Әрине, мұның барлығы тұтынушы сұранысында көрінеді.
- Сіз үшін, басшы ретінде, шығарылатын тауардың соңғы бағасы болады ма? Азық-түлік шығарушыларға бұл жағдайда оңай, дәмін татып көрдің, дәмі ұнады, яғни тағы да сатып алады.
- Әрине, біздің арматрураның дәмін татып көре алмайсың, бұл жағынан айту қиындау. Бірақ ол сұранысқа ие. Ең бастысы, мен санағанда қоймада мың тоннадан көп қалмайды. Әзірге бұл қолдан келуде. Бізде қойма 9 мың тоннаға есептелген, көбірек тиеу үшін кем дегенде бір апта кетеді. Ал егер қоймада екі мыңнан артық қалатын болса, онда бір жерді дұрыс істемеуіміз мүмкін, сол кезде жиналып, себебін тауып, оны дұрыстауға тырысамыз.
- Әлемдік қаржылық дағдарыс кәсіпорын экономикасында байқалды ма?
- Бізге қазір ренжу ұят, жаз құрылыстың науқаны, тиеу жүргізілуде. Бірақ біз дайындаманы Новокузнецк және Нижний Тагиль қалаларынан ешқандай жеңілдіксіз сатып аламыз. Ал қысқа қарай шығындарды оңтайландыру, өзіндік құн туралы ойланамыз. Нұсқалар бар, алайда олар туралы айту әлі ертерек. 2016 жылдың алғашқы екі тоқсанына электр энергиясына және темір жол тасымалдауына төмендетілген коэффицент сұраймыз. Егер берсе, барлығын- өнім шығаруды да, көлемді және адамдарды да сақтап қаламыз. Және одан әрі үйреншікті тәртіпте жұмыс істей береміз.
- Сіздердің бүгінгі негізгі сатып алушыларыңыз кім?
- Біріншіден, Қазақстан, біздің өңір. Облыстың алдыңғы қатарлы жетекші құрылыс компаниялары «БК Строй», «Ирина и К» барлығы біздің арматураларымызды тіпті трейдерлер арқылы сатып алады. Одан әрі ТМД елдері: Өзбекстан, Қырғызстан, Тәджікстан, Ресей. Егер біз айына орта есеппен 30 мың тонна шығаратын болсақ, соның 15% экспортқа кетеді. Айтқандай, сәуір айының ақпараты бойынша, 30 мыңнан артық тонна «EXPO 2017» құрылыс объектілерінде қолданылуда.
- Құрылыс компаниялары жергілікті арматуралардың артықшылығына баға берді ме?
- Қостанайлық, жалпы, отандық компанияларға зауыт логистика бойынша артықшылық берді. Бұрын көптеген арматураларды Ресейден, жаңағы айтылған Новокузнецктен әкелетін. «ЗАПСИБ-МЕТАЛЛ» сапасы бойынша ұтатын да шығар, алайда тасымалдау бойынша біздің арматураларды қолдану жеңілірек және тиімді. Алғаш бастаған кезде, тиімді бола ма, тиімсіз бола ма деген осы бойынша көптеген сұрақтар туындаған болатын. Бірақ уақыт көрсеткендей, барлығын дұрыс жасадық. Тағы да облыс экономикасының басымдығы үшін. Егер біз төмендетілген коэффицент алатын болсақ, онда тек келесі жылдың өзінде 30 млрд. тауарлық өнімді табамыз деп жоспарлап отырмыз.
- Кәсіпкерлер палатасымен және білім беру бөлімімен өткізілген кәсіби бағдар беру аясында «ЕвразКаспианСталь» ЖШС-не экскурсия кезіндегі оқушылардың әсерлері жақсы есімде. Балалар шын жүректен сіздің кәсіпорында жұмыс істеуге ықылас білдірген болатын... Ал қызметкерлер жаңа өндіріс жұмысына көңілдері тола ма?
- Шын айтайын, маған өз өмірімде осы жердегі сияқты әлеуметтік мәселе жоғары деңгейге қойылған, қызметкерлеріне қамқорлық көрсететін компанияларда жұмыс істеу бұйырмады. Бүгінде бізде 226 адам жұмыс істейді, мысалға, бір жұмыскердің асханадағы кешендік асының жартысын кәсіпорын өзі төлейді. Адамдарды жұмысқа әкелу және жұмыстан алып кету де- кәсіпорынның қамқорлығы. Жұмыскерлердің жолдамасының 80% шығынын кәсіпорын өзі қамтамасыз етеді. Спортзал салынған, ол жерде жұмыс күнінен кейін шұғылдануға болады. Футбол алаңдары, жуынатын кабиналар бар. Сонымен қоса, лайықты еңбек жалақы. Бір сөзбен айтқанда, қызметкер - бұл ерекше назар қойылатын тұтас бағыт. Бұл бас кеңсенің саясаты екенін еске сала кету керек. Әрине, мұның бәрі айналып келгенде өндірістік еңбекте көрінеді. Және осы бағытта одан әрі жалғастыра береміз.
Дата создания: 18 тамыз 2015