«Сатып алушымен кездесу» онлайн – қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Қазақстандағы Жеткізушілерді дамыту жобасы (бұдан әрі – ЖДЖ), «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Ұлттық экономика министрлігімен әріптестікте, мұнай-газ, металлургия және тау-кен өнеркәсібі сияқты өндірістік салаларды қамтитын «Сатып алушымен кездесу» онлайн іс-шарасын ұйымдастырады.

Бұл іс-шара – қазақстандық компанияларға көпұлтты корпорациялар тарапынан сатып алушыларды табуға көмек көрсететін нақты қолдау болып табылады, сонымен қатар жаһандық жеткізу тізбектеріне шығудың мүмкіндігін ұсынады. Жобаға қатысушы жергілікті жеткізушілер арнайы әзірленген онлайн-платформа арқылы халықаралық сатып алушылармен тікелей кездесіп, олардың сатып алу қажеттіліктерін көріп, іскерлік келіссөздерді бастай алады.

«Сатып алушымен кездесу» – бұл қазақстандық жеткізушілердің дамуын қолдаудың бірегей мүмкіндігі. Ол көпұлтты корпорациялардың (КҰК) жеткізушілеріне қойылатын талаптарға сай бола алатын отандық кәсіпорындарды дамытуға, шағын және орта бизнестің басқару мен өндірістік дағдыларын арттыруға, сондай-ақ олардың жаһандық жеткізу тізбегіндегі орнын нығайтуға бағытталған.

Бұл іс-шараға ПРПК-ны белсенді қолдайтын Қазақстанның жетекші компаниялары – КПО, ТШО, ERG, NCOC, ЛУКОЙЛ және «Қазақмыс» корпорациясы сияқты көпұлтты корпорациялар шақырылды. Онлайн-кездесулердің бұл форматы Қазақстан үшін жаңашыл болып табылады және бұған дейін әлем бойынша тек бірнеше рет өткізілген.

Іс-шараға мұнай-газ, металлургия және тау-кен өнеркәсібі салаларындағы трансұлттық корпорациялар мен ірі отандық сатып алушылар қатыса алады. Қосымша ақпарат мына сайтта қолжетімді: https://sdpkmtb.talkb2b.net/

«Сатып алушымен кездесу» іс-шарасы Жеткізушілерді дамыту жобасының МСБ-ның (шағын және орта бизнес) бәсекеге қабілеттілігін арттыру миссиясындағы басты іс-шаралардың бірі болып табылады. Бұл мақсат компаниялардың бизнесін бағалау, олардың өз бизнесін жетілдіру жоспарын жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық консалтингтік қолдау мен қазақстандық шағын және орта кәсіпорындардың жеке қажеттіліктеріне бейімделген оқыту семинарлары арқылы іске асады.