ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТОО «СКЗ-U» «АЛТЫН САПА» ПРЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде қызылордалық «СКЗ-U» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «СКЗ-U» ЖШС бас директоры Мадихан Бекжановқа «Алтын сапа» сыйлығын «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша табыстады.

«СКЗ-U» ЖШС: Жаңақорған ауданында күкірт қышқылы зауытының құрылысы – Қызылорда облысындағы инновациялық серпінді жобалардың бірі. СКЗ жобалық қуаттылығы – жылына 500 мың тонна немесе тәулігіне 1500 тонна.

«СКЗ-U» ЖШС қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өндіруші кәсіпорындарының күкірт қышқылына деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында «СКЗ-U» ЖШС-нің күкірт қышқылы өндірісі технологиясының баламасы жоқ. Өндіріс технологиясы аз қалдықты болып табылады және шикізатты мақсатты өнімге 99,9% деңгейінде айналдыруға мүмкіндік береді.