You are here

Шымкентте жылдың ең үздік тауарлары анықталды

Қала орталығында өткен жәрмеңкеге облыс аумағындағы 70-тен астам кәсіпорын қатысты.

Жәрмеңкеде жеңіл тамақ өнеркәсібінен бастап, машина жасау, құрылыс, фармацевтика, тоқыма мен қолөнер шеберлерінің туындыларына дейін қойылған. Көрмеде Шардараның балығы мен оңтүстікте тоқылатын кілем және Шымкентте шығатын медициналық құралдар үздік деп танылды. Бұл үш кәсіпорынның өндірген тауарлары экспортталады. Шараға қатысқан кәсіпкерлер бұған дейін ішкі және сыртқы нарықта біршама қиындықтың болғанын жасырмайды. Теңгенің еркін айналымға жіберілуі кәсіпорындардың көкжиегін кеңейтіп, отандық тауар өндірушілер арасында бәсекелестіктің артатынына сенімді.

Дәстүрлі жәрмеңкеге биыл жаңадан ашылған 26 кәсіпорын қатысып отыр екен. Олардың барлығы өз өнімдерінің бәсекелесе алатындарына сенімді. Ал отырарлық шаруалар емдік қасиеті мол түйе сүтін кептіріп, оны ұнтақ түрінде экспорттамақ. Қазақтың ұлттық сусыны «Шұбат» әлемдік брендтерден еш кем түспейді деп отыр мамандар. Кәсіпкер алда шаруашылығын кеңейтіп, сиыр мен ешкі сүтін де өңдемек.

Мырзахан Манапов, кәсіпорын директоры:

- Кәсіпкерлерге үлкен жол ашылып отыр. Соның ішінде Қытай мен Ресей базарларына шықсақ деген жоспарымыз бар. Қазір Қытаймен келісім жасап жатырмыз. Шұбатты ұнтақ күйінде шығару. Шаруашылық ауқымын кеңейтеміз. Жұмысқа адам аламыз. Бірінші мақсат – әлемге Қымыранды таныстыру.

Дата создания:

29 тамыз 2015

24kz

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер