«Алтын сапа» байқауының арнайы номинациялары бойынша жеңімпаздар Президенттің қолынан марапат алды.

Мемлекет басшысы Президенттің «Алтын сапа» арнайы сыйлықтарының лауреаттарына марапаттарды тапсырды.

Жеңімпаздар қатарында «Үздік индустриалды жоба» номинациясында «AZALA Textile» ЖШС, ал «Үздік инновациялық жоба» номинациясында «KazTechInnovations» ЖШС марапатталды.

«AZALA Textile» ЖШС – жоғары деңгейдегі мақта-мата өнімдерін өндіруші халықаралық бренд ретінде өзін танытқан компания. Компанияның экспорт үлесі 65%-ды құрайды.

«KazTechInnovations» ЖШС – нарықта аналогы жоқ, 360 градус ауқымында нақты уақыт режимінде түсірілім жасауға мүмкіндік беретін ORBI көзілдіріктерін шығаратын компания.

Бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша 2018 жылы өңірлер мен қалалар рейтингісінде үздік деп Қызылорда облысы танылды. Ал ең үздік аудан болып Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы анықталды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы 28 қазақстандық кәсіпорынның жұмысын нақты уақыт режимінде бастауға қолдау көрсетті. Іс-шара жалпыұлттық телемост форматында «Екінші индустриализация бесжылдығы. Қазақстанда жасалған» атты бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.