«АТАМЕКЕН» «АЛТЫН САПА» байқауына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

НПП РК «Атамекен» жариялайды, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына және «Ең үздік Қазақстан тауары» байқауы мен көрмесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғанын.

Байқаудың мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты сапалы және бәсекеге қабілетті отандық тауарлармен қамтамасыз етуге көмек көрсету.

Байқауға қатысуға Қазақстан аумағында тауар өндіру, қызмет көрсету (қару-жарақ және әскери техника өндіруден басқа) саласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Қатысуға болмайды: мемлекет қатысы 50 %-тен астам болатын ұйымдар және олар бойынша заңмен белгіленген тәртіпте қайта қалпына келтіру және банкроттық рәсімдері туралы шешім қабылданған ұйымдар.

Байқауларға қатысуға тілек білдірушілер 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін www.altynsapa.kz сайтында электронды түрде өтінімдерін ұсынуы қажет.

Байқау материалдары (есептер) байқауға қатысушылардың материалдарын рәсімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелеріне сәйкес дайындалып, өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе www.altynsapa.kz сайтында электронды түрде ұсынылады.

Байқаулар туралы толық ақпаратты ресми сайттан және телефон арқылы ала аласыз: 8 (7172) 919-388

Еске сала кетейік, 2018 жылы «Алтын Сапа» байқауына 182 үміткер қатысты, олар төрт категория бойынша сынға түсті: «Үздік өндірістік кәсіпорын», «Үздік тұтынушылар тауарын өндіруші кәсіпорын», «Үздік қызмет көрсететін кәсіпорын» және «Үздік азық-түлік және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпорын».