
Қазақстандық ет өңдеуші компаниясы «Бижан» Ташкентте өтіп жатқан Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумы мен сауда-экономикалық миссиясы аясында Өзбекстандағы ең ірі супермаркет желілерінің бірі MAKRO-ға өнімнің сынамалық партиясын жеткізу туралы келісім жасады. Компания Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алған лауреат.
Сонымен қатар, тағы екі қазақстандық компания – «Қазхром» және «Шымкент Цемент» өзара келісімдер жасасты. Мысалы, «Шымкент Цемент» Өзбекстанға 250 мың тонна өнім жеткізуді жоспарлап отыр.
Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумы мен сауда-экономикалық миссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, сондай-ақ ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» және Қазақстанның Сауда палатасы тарапынан ұйымдастырылды.
Өзбекстан тарапынан ұйымдастырушы – Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы болды.⠀
2019 жыл Өзбекстанда Қазақстан жылы деп жарияланғандықтан, бұл шаралар екі ел арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.