
Қалай сапа байқауына қатысушы болуға болады? Оларға қандай талаптар қойылады? Үздік өндірушілердің басты байқауларында қандай жаңалықтар бар?
Бұл және басқа да көптеген сұрақтарға жауаптар Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына және республикалық «Үздік тауар Қазақстанда-2018» көрмесіне қатысушыларға арналған оқу семинарында жауап табады.
Дәстүр бойынша, мұнда үздік өндірушілер өздерінің жоғары мәртебесін растап, сапа менеджментінің заманауи жетістіктерін көрсетеді. Аймақтық кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Таншолпан Бахаеваның айтуынша, Павлодар облысы өндірушілерінің басты сапа байқауларына қызығушылығы өте жоғары.
Бұл байқаулардың мақсаты - жергілікті өндірушіні қолдау, оның тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру және отандық өндірушілердің брендтерін насихаттауға көмектесу.
«Үнемі жетілдіруге ұмтылатын өндіруші үшін бұл өздерін танытып, өнімдері туралы айтуға, өз бағыты бойынша ең үздік атануға лайық екенін көрсетуге нақты мүмкіндік», - дейді Таншолпан Бахаева.
РПП сарапшысының айтуынша, семинарға 30-дан астам өндіруші қатысады. Қатысушыларға конкурсқа қатысу үшін материалдарды қалай дұрыс даярлау керек екені түсіндіріледі, конкурстардың өткізілу тәртібі мен ережелері түсіндіріліп, сапа саласындағы халықаралық шаралармен таныстырылады.
Айта кету керек, биыл «Алтын сапа» байқауына жаңа номинация қосылды. Мұнда ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндірушілер қатысады.
Енді төрт номинация болады: «Үздік өндірістік бағыттағы кәсіпорын», «Үздік халық тұтынатын тауарлар шығаратын кәсіпорын», «Үздік қызмет көрсететін кәсіпорын», және «Үздік азық-түлік өнімдері немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын кәсіпорын».
Сонымен қатар, «Үздік индустриалдық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» атты екі арнайы сыйлық тағайындалды.
Кәсіпорындарды байқауға қатысуға ынталандыру шаралары енгізілуде. Әр «Алтын сапа» лауреаты үшін 1 млн. теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі.
Семинар 2018 жылдың 5 маусымында, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында өтеді.