«АЛТЫН САПА» және «ЛТК» КОНКУРСТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ЕРЕЖЕЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Өскеменде «Алтын сапа» Президент сыйлығына үміткерлер мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесіне қатысушыларға арналған оқу семинары өтті. Оған облыстың 40-тан астам кәсіпорындары қатысты.

Семинар барысында НПП РК «Атамекен» сарапшысы Мадина Мұқатова қатысушыларға конкурсқа қатысу ережелері мен талаптары туралы айтып берді, конкурстарды өткізу тәртібін түсіндіріп, қатысушыларға конкурс материалдарын дайындауға консультациялық-әдістемелік көмек көрсетті, сондай-ақ сапа саласындағы халықаралық конкурстармен таныстырды.

Сарапшы биылғы жылғы жаңалықтар туралы да айтып өтті.

«Конкурстарды өткізу тәртібінде шағын, бірақ өте маңызды өзгерістер бар. Бұрын конкурстар үш номинация мен үш категория бойынша өткізілсе, биыл қосымша номинация енгізілді – «Үздік азық-түлік және/немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын кәсіпорын». Сондай-ақ, биыл аймақтарда кәсіпорындарды тексеру шаралары енгізілді, нәтижесінде барлық қатысушылар арасынан еліміздің әр аймағынан финалистер анықталады», - деп түсіндірді Мадина Мұқатова.

Айта кетейік, оқу семинарын ең үздік менеджмент жүйелері бойынша сарапшылар-аудиторлар өткізді, олар конкурстардың қатысушыларын бағалау және материалдарын қарау жөніндегі комиссияда жұмыс тәжірибесіне ие. Менеджмент жүйелері бойынша сарапшы-аудитор ГСТР РК ТОО «Интерсерт Консалтинг Центр Азия», EFQM бағалаушысы Виктор Ким ұлттық және халықаралық сапа бойынша сыйлықтар, EFQM сапа бойынша Еуропалық сыйлық, ТМД елдеріндегі өнімдер мен қызметтер сапасы бойынша жетістіктер үшін сыйлықтар туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, Виктор Владимирович кәсіпкерлерді «Алтын сапа» Президент сыйлығының модельдерімен таныстырып, «Мүмкіндіктер» мен «Нәтижелер» критерийлерін түсіндірді, сондай-ақ өзін-өзі бағалау әдістері туралы айтып берді.

«Семинар бағдарламасы өте мазмұнды болды. Қатысушылар көптеген сұрақтарға жауап алды, бұл олардың бизнесті одан әрі дамытуға үлкен серпін береді», - деп пікір білдірді облыстық сарапшы тобының өкілі, РГУ «Департамент охраны общественного здоровья ВКО» техникалық регламент талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Алена Кравченко.

«Қазақстанның үздік тауары» аймақтық конкурсы биыл Өскеменде 5 шілдеде Б.Александров атындағы Спорт сарайында өтеді. Аймақтық конкурс жеңімпаздары республикалық «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесіне қатыса алады.