
Белгілі болғандай, 6 желтоқсан күні Президенттің «Алтын сапа» премиясын алу байқауы өтеді.
Маңғыстау облысының атынан «Ең жақсы өндірістік бағыттағы кәсіпорын» номинациясына АО «КасКор-Машзавод», ТОО «СП CASPI BITUM», ТОО «Завод Стеклопластиковых Труб» және АО «Мангистаумунайгаз» ұсынылса, «Ең жақсы халыққа тауар өндіретін кәсіпорын» номинациясында ТОО «Zhamal-ai LTD» қатысады.
«Ең жақсы қызмет көрсететін кәсіпорын» атағына ТОО «Бикада» және ТОО «MKS logistics» үміттенуде. АО «КасКор-Машзавод» 1990 жылы 1 наурызда құрылған. Сол уақытта оның алдында үлкен міндет тұрған: Каспий маңы тау-кен металлургиялық комбинатын – руданы өндіру және өңдеумен айналысатын өндірісін жұмыс істетіп тұру. Кейін АО «ККМЗ» мұнай-газ саласы үшін жабдықтар шығару бағытында сәтті қайта құрылды. Бүгінгі таңда бұл Маңғыстау облысының жетекші компанияларының бірі болып, өнімнің бірнеше түрін шығарады.
Өндірістік базаның аумағында 6 гектардан астам жерді қамтиды және оған механикалық-энергетикалық қызмет, дайындау учаскесі, механикалық учаске, дәнекерлеу-құрастыру учаскесі, пескоструйкалық және бояу цехтары, әкімшілік ғимараттар кіреді. 2011 жылы кәсіпорын «Маңғыстау облысының үздік өнімі» атағына ие болып, «Алтын сапа» республикалық премиясына ұсынылды.
Айта кету керек, компания заманауи технологияларды ескере отырып, үнемі даму үстінде. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында АО «ОзенМунайГаз»-қа сервис қызметтерін көрсету үшін насос штангаларын диагностикадан өткізу және жөндеу бойынша автоматтандырылған желі сатып алынды. Заводта дәнекерлеу тігістерін бақылау бойынша аттестатталған зертхана жұмыс істейді. Өнімнің қазақстандық құрамын арттыру үшін кәсіпорын үнемі өндірісті жаңартып отырады.