
Президенттің «Алтын сапа» премиясына үміткер Ақтөбелік газоблоктар өндіретін компания ТОО «Экотон-Батыс» Ақтөбе қаласында 10 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде компания айтарлықтай жетістіктерге жетті: бүгінде Ақтөбе облысында салынып жатқан барлық үйлердің құрылысында компанияның өнімдері қолданылады. Сонымен қатар, тамаша тегіс газоблоктардан салынған ғимараттарды Батыс және Оңтүстік Қазақстаннан табуға болады. Жақында алғашқы вагондар елдің шығысына да жіберілді. Құрылыс материалының дәл геометриясы мен жоғары сапасы - отандық өндірушінің негізгі ерекшеліктері. «Экотон-Батыс» қазір Қазақстанның үздік 30 экспортерінің қатарына енген және бүгінгі таңда Президенттің «Алтын сапа» премиясына үміткер. ТОО «Экотон-Батыс» бас технологы Александр Вавиловтың айтуынша, газоблоктар заманауи неміс жабдықтарында 2008 жылдан бастап Ақтөбеде өндіріле бастады. Өндірісте тек Қазақстанның экологиялық таза шикізаты, мысалы, әк, цемент, құм пайдаланылады. Бұл өндірушіге жоғары беріктік көрсеткіштеріне, технологиялық параметрлерге және барлық режимдерді сақтау арқылы сапалы өнім алуға мүмкіндік берді.
«Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 230 мың текше метр газоблокты құрайды. Қазіргі уақытта экспортқа тек осы көлемнің 10%-ы жіберіледі. Бірақ жақын арада жеткізілімдерді арттыруды жоспарлап отырмыз. Егер биыл біз өнімді тек Орынбор нарығына сатсақ, 2018 жылы Башқұртстан мен Самара облыстарының нарықтарына шығуды жоспарлап отырмыз», - деп өз жоспарымен бөлісті зауыттың бас технологы Александр Вавилов.
Айта кету керек, республикалық «Алтын Сапа» премиясы 2006 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Жыл сайын Президенттің жүлдесіне еліміздің түкпір-түкпіріндегі тауарлар мен қызметтер өндірушілері күреседі. Биыл Ақтөбе облысынан үш компания номинацияға ұсынылды: ТОО «Экотон-Батыс», Ақтөбе өртке қарсы жабдықтар зауыты және Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты.