
Шынғыз Қулахметов – «MED365» ЖШС негізін қалаушы және басшысы
Қазақстандық IT-саласының тарихи жеңісі
Еліміздің басты байқауының 17 жылдық тарихында алғаш рет жоғары марапат IT-технологиялар саласындағы отандық компанияға берілді. «MED365» ЖШС-нің 1 минутта медициналық тексеру жүргізетін және экономиканың көптеген салаларында жарақатталудың алдын алатын бірегей әзірлемесі бұрын ҚР Президентіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мүсін арқылы ұсынылған болатын. «Алтын Сапа – 2023» жаңа трендті айқын көрсетті – мемлекет еліміз үшін салыстырмалы түрде жаңа салаларды, соның ішінде IT-саласын дамытуға жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауды басымдыққа алады. Ноу-хау әзірлеуді негізін қалап, 5 жыл бойы денсаулық сақтау, өнеркәсіптік медицина және еңбек қорғау саласындағы бағдарламалық-аппараттық шешімдер өндірісін сәтті басқаратын – Шынжыз Қулахметов.
Мәселе бар – шешім бар
IT-технологиялардың ең күрделі салаларының бірі – MedTech саласында жұмыс істейтін MED365 компаниясы елдегі бірегей өнім шығарады, ол отандық телемедицина саласының жылдам дамуының бастамасы болуы мүмкін.
АСМО – өндірістік қауіпсіздіктің жаңа стандарты
Еліміздің кәсіпорындарында жұмысшылардың ауысымға дейінгі және ауысымнан кейінгі медициналық тексеруінің мәселесі өте өзекті. Біріншіден, назарын жоғары жинақтауды талап ететін жұмыс түрлерінде шамамен 1,5 млн адам жұмыс істейді. Бір қызметкердің стандартты ауысымға дейінгі медициналық тексеруі шамамен 10 минутты алады, ал егер кәсіпорын үлкен болса және бір уақытта кем дегенде 50 адам ауысымға шықса, медициналық тексеруді жұмыстың басталуына бірнеше сағат қалғанда бастау керек.
MED365 компаниясының АСМО жүйесі осының барлық мәселелерін шешеді. Бұл аппарат медициналық тексерудің барлық қажетті құралдарымен жабдықталған: тонометр, термометр, алкотестер және пупиллометр (есірткілік немесе шаршау дәрежесін анықтайтын құрылғы). АСМО-да тексеру 1 минуттан аспайды, барлық деректер медициналық қызметкердің планшетіне автоматты түрде жеткізіледі, ол алынған нәтижелерге сәйкес жұмысқа рұқсат туралы шешім қабылдайды.
Клиенттері және халықаралық табыстары
Компанияның 40 ірі клиенті бар, олардың қатарында «Самрук-Қазына», «Самрук Энерго», «ҚазТрансОйл», ERG, «Қазақстан Темір Жолы» сияқты еліміздің экономикалық гиганттары бар. АСМО қазірдің өзінде елдің 9 аймағында қолданыста.
2022 жылы медициналық көрмеде компанияның өнімі Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің қызығушылығын оятты. АСМО Сауд Арабиясының назарын аударды, қазір онда бірнеше пилоттық жобалар іске қосылды, олардың аяқталуынан кейін MED365 өкілдігін ашуды жоспарлап отыр. Сол сияқты Солтүстік Америкада да өкілдік ашуд жоспарлануда.
Болашақ жобалары
Компанияның негізгі басымдығы – медициналық статистиканы автоматты түрде жинау және өңдеу, оны халық денсаулығы пайдасына пайдалану. Қазір MED365 телемедицина және биотелеметрия салаларын дамытуға бағытталған. Жоспарларда – ауылдық жерлерде жобаны дамыту.
2022 жылы компания өндірісті 100% локализациялау жоспарын жариялады. 2023 жылдың соңына қарай бұл міндет орындалды. Компания медициналық құралдар өндіруді іске қосты, барлық қажетті лицензияларды, сертификаттарды және тіркеу куәліктерін алып, медициналық қызметтер саласындағы толыққанды өндірушіге айналды.
Әлеуметтік миссия
Компания өз мойнына тағы бір миссияны алды – бизнестің қызметкерлерге деген көзқарасын өзгерту. Кәсіпорын басшылары бірінші кезекте жоспар мен пайданы емес, қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін қоятын мәдениетті құру. MED365 үшін бұл міндет те орындауға күші жетпейтін нәрсе емес!
Қайнар көз: "Табыс" журналы
www.success.kz