Конкурсант «Қазақстанның үздік өнімі»: Сапалы шикізат — табысты бизнестің құпиясы

Павлодарлық тауар өндірушілер «Қазақстанның үздік өнімі» атағы үшін бақ сынауға дайын. Өз өнімдерін қазылар алқасына ұсынатындардың арасында «От дяди Паши» брендінің жартылай фабрикаттарын өндіруші кәсіпорын бар. Кәсіпорын 2000 жылы қолмен жасалған пельменьдер шығару арқылы жұмысын бастады. Қазір шығарылатын өнімдер тізімі 60 атаудан тұрады. Сонымен қатар, өндірісте көпұлтты халықтың талғамдары мен сұраныстары ескеріледі, деп атап өтті кәсіпорын басшысы Павел Шияновский. «Бизнес табысының құпиясы қарапайым, — дейді Павел Николаевич, — Біріншіден, сапалы шикізат пайдалану, заманауи технологияларды қолдану және сапаны бақылау жүйесін жетілдіру». 2009 жылы нарықты дамыту мен тұтынушылық сұранысқа қарай кәсіпорында «Қалпына келтірілген өнімдер» стандарты әзірленді. Бұл әртүрлі орамалардың жарамдылық мерзімін ұлғайтуға және шығарылатын өнімдер ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік берді. Кәсіпорында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі сертификатталған. Биылғы жылы аймақтық конкурс-выставкаға 35 кәсіпорын қатысатын болады. РПП жобаларын сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Таншолпан Бахаеваның айтуынша, 12 маусымда аймақтық кәсіпкерлер палатасында сарапшылық комиссияның отырысы өтеді, онда қатысушыларды негізгі критерийлер бойынша бағалайтын болады: сапа, инновация, бәсекеге қабілеттілік және экспортқа бағытталғандық. Бағалау нәтижесінде ең үздіктері таңдалып, олардың есімдерін қалалық көрмеде 14 маусымда қала тұрғындары білетін болады.