35 кәсіпкер Шығыс Қазақстан облысы «Алтын сапа» және «Үздік тауар Қазақстанда» конкурстарына қатысуға дайын.

«Семинардың форматы қатысушылардың өз қызметін бағалау бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету, конкурстарды өткізу тәртібі мен ережелерін түсіндіру, Еуропалық Менеджмент Сапа Қорының (EFQM) моделін зерттеу жоспарланған», - деп мәлімдеді Кіші және Орта бизнесті дамыту департаментінің сарапшысы Мадина Мұқатова.
Оқыту семинарын «Алтын сапа» және «Ең үздік тауар Қазақстан» қатысушыларын материалдарын бағалау комиссиясында тәжірибесі бар ең үздік жүйе сарапшылары өткізді.

«Осындай семинарлар жиі өткізіліп тұрса деймін, біз үлкен тәжірибе жинадық», - деп эмоцияларымен бөлісті «Новая Линия» ЖШС директоры Евгений Латышов. – Мұндай конкурстар бизнесмендерді өз өнімдерінің сапасын жақсартуға ынталандырады, бұл кейін тұтынушылар тарапынан мойындалуға мүмкіндік береді».
Семинарға 35-тен астам кәсіпкер қатысты, олардың арасында «KazWoodGroup» ЖШС, «Хлебозавод Каравай» ЖШС, «Эмиль» ЖШС, «Восток-Котлы» ЖШС, «Ульбинский Металлургический Завод» АҚ, «Восток-Молоко» ЖШС және басқалар бар.

Семинарға қатысушылардың барлығы конкурстарға қатысуға үлкен ынта білдірді.