Қостанай облысының кәсіпкерлеріне ең үздік болу жолдары туралы айтылады.

30 мамырда өңірде «Ең жақсы Қазақстан тауарлары» және «Алтын сапа» конкурстарына қатысушыларға арналған тегін семинар өтеді.

Астанадан келген лекторлар бизнесмендерге қатысу үшін қандай құжаттарды дайындау қажет екенін, ең бастысы, жеңімпаздарды қандай критерийлер бойынша анықтайтынын түсіндіреді. Кәсіпкерлер палатасының айтуынша, бұл білімдер жеке кәсіпорынның қызметін кеңінен көрсетуге көмектеседі, сондықтан да жүлделі орындарға ие болу мүмкіндігін арттырады.

«Ең жақсы Қазақстан тауарлары» конкурсының аймақтық кезеңі 5 шілде күні Қостанайда өтеді. Осыған орай біз өтінімдер беру процесін созбауды және барша қалаушыларды тегін семинарға шақырамыз. Республикалық кезең тамыз айында өтеді. Конкурстарға қатысу — бұл өз компанияңды танытуға және уақытпен тексерілген сапа белгісін алуға керемет мүмкіндік», — дейді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы бөлімінің басшысы Роберт Юсупов.

Өткен жылы «Алтын сапа» Президенттік премиясының байқауында Қостанайдың «Баян Сулу» кондитерлік фабрикасы бірінші орын алды. Ол халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын номинациясында жеңіске жетті. Бұл беделді конкурста жеңіс өткен жылдағы басты оқиға деп аталады.

«Біз үшін Президенттік премия — бұл үлкен сенім, жоғары бағалау және алға жылжуға ынталандыру. Біз тоқтап тұрған жоқпыз, ассортиментті кеңейтіп, сату географиясын ұлғайтып жатырмыз. Біздің өнімдеріміз тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде, Калининградтан бастап Шығыс Сібірге дейін танымал. Германия мен Қытайда да кеңінен танылады. Өткен жылы біз жаңа бисквит цехын іске қостық, жаңа өнім өндіруді бастауымызға мүмкіндік алды. Менің ойымша, жұмысымыздың жоғары сапасын дәлелдейтін тағы да көптеген себептер болады», — дейді «Баян Сулу» АҚ маркетинг бойынша директордың орынбасары Андрей Радчук.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Баян Сулу» фабрикасы «Ең жақсы Қазақстан тауарлары» конкурсының аймақтық кезеңінде «Ең үздік азық-түлік өнімдері» номинациясында бірінші орын алды. «Ең үздік өндірістік тауарлар» номинациясында «Евраз Каспий Сталь» бірінші орынды иеленді. «Ең үздік халық тұтынатын тауарлар» номинациясында «СарыаркаАвтопром» жеңіске жетті. Республикалық деңгейде «Евраз Каспий Сталь» НПП РК «Атамекен» ұйымдастырған «Іскер» премиясын алды.