
Аймақта «Алтын сапа» және «Ең үздік өнім Қазақстан» конкурстарына қатысуға 3 кәсіпкер дайын, ал «Ең үздік өнім Қазақстан» конкурсына 25 кәсіпкер қатыспақ.
Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Танатова атап өткендей, облыстық конкурсқа қатысуға ниет білдірушілердің саны айтарлықтай артқан. 2016 жылы «Ең үздік өнім Қазақстан» конкурсына 17 кәсіпкер қатысса, биыл 25 кәсіпкер және «Алтын сапа» конкурсына 3 кәсіпкер қатысуды жоспарлап отыр.
«Ең үздік өнім Қазақстан» конкурсы екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең облыс деңгейінде өткізіледі, облыс деңгейінде жеңімпаздар екінші кезеңге өтіп, республикалық конкурста қатысады. Бүгінге дейін жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланымдар жүргізіліп, кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылып, қатысу шарттары түсіндірілді. Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасы тарапынан кәсіпкерлерге кең көлемде әдістемелік көмек көрсетіліп, Палата сарапшылары мен аудандық филиал қызметкерлері құжаттарды талаптарға сай рәсімдеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, барлық жағдайды жасап отыр», - деді Гүлдана Танатова.
Сондай-ақ, сәуір айында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерінің қатысуымен тегін оқу семинары өткізілді, оған 40-тан астам кәсіпкер қатысты.
Өткен жылы конкурс аясында 50-ден астам кәсіпкер өздерінің жергілікті өнімдерін халыққа ұсынды. Олардың ішінде, жоғарыда айтылғандай, 17 кәсіпкер конкурсқа қатысты. Өткен жылы жеңімпаздар мына ұйымдар болды: «Өндірістік тауарлардың үздік өнімі» номинациясы бойынша «Кемикал» ЖШС, «Халық тұтынатын үздік тауар» номинациясы бойынша «ИП Курбанбаев», «Азық-түлік тауарларының үздік өнімі» номинациясы бойынша «Сыр Маржаны» ЖШС.
3 номинация бойынша жүлделі орын алған 9 кәсіпкер өз өнімдерін «Корме» орталық павильонында ұсынды.
Конкурс нәтижесінде Қызылорда облысынан «Сыр Маржаны» ЖШС «Іскер» номинациясы бойынша НКП РК «Атамекен» сыйлығына ие болды.
Үш компания – «Қазгермунай» ЖШС, «Сыр Маржаны» ЖШС және «Нурай» ЖШС Президенттің «Алтын сапа» сыйлығына қатысты. «Қазгермунай» ЖШС басшысы Мәдет Карим «Өз ісіне берілгендігі үшін» медалімен марапатталды.