«Алтын сапа» қабылдау басталды!

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы «Ең үздік өнім Қазақстан» республикалық көрмесіне және ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына қатысуға өтінімдер қабылдауды бастады. Бұл туралы Алматы облыстық коммуникация қызметінің брифингінде Палата кәсіпкерлерінің сертификаттау бойынша мамандары Бибігүл Омарова мен Жанна Маратова мәлімдеді. Конкурстардың мақсаты — отандық тауар өндірушілерді қолдау және отандық өнімдермен нарықты сапалы әрі бәсекеге қабілетті тауарлармен толтыру.

«Өткен жылдан бастап конкурстарға тауар өндірумен немесе қызмет көрсету саласымен айналысатын жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Осылайша, шағын бизнесті белсенді қолдау жүргізілуде. Мысалы, 2016 жылы облыстық кезеңде ИП «Молдасанова Р.Б.» «Ең жақсы азық-түлік өнімдері» номинациясында 3 орын алды», — деп атап өтті сертификаттау маманы Жанна Маратова.

Сондай-ақ, спикерлердің айтуынша, 2016 жылы Алматы облысы бойынша «Ең үздік өнім Қазақстан» конкурсының облыстық кезеңіне 48 кәсіпорын қатысқан. Облыстық кезеңде «Өндірістік тауарлардың үздік өнімдері» номинациясында «Алматы бояулары» ЖШС, «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС, «Galaksi» ЖШС үздік деп танылды. «Ең үздік азық-түлік өнімдері» номинациясында — «Алатау Кус» АҚ, «Алматы сыра зауыты» ЖШС, ИП «Молдасанова Р.Б.», «Этно-ресторан «Аскар-Тау» үздік болды. «Ең үздік халыққа арналған өнімдер» номинациясында — «Тексан Қазақстан Инвест» ЖШС, «Dolce» ЖШС, «Алматы матрас фабрикасы» ЖШС үздік деп танылды.

Қосымша, Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесі «Аймақтық кеңестің таңдауы» номинациясын енгізді, онда үш компания таңдалды: «Stynergy» ЖШС, «Isker Сompany» ЖШС, «Фирма Демеу» ЖШС. Сонымен қатар, біз «Ең үздік қызмет көрсететін кәсіпорын» қосымша номинациясын енгізуді жоспарлап отырмыз», — деді Бибігүл Омарова.

Республикалық кезеңде «Алматы бояулары» ЖШС «Өндірістік тауарлардың үздік өнімдері» номинациясында ІІІ орынға ие болды. «Алтын сапа» сыйлығына 8 жергілікті компания қатысты. Өтінімдерді қабылдау 15 сәуірге дейін жалғасады.