Президенттің сыйлығын алу

37 қызылординалық кәсіпкер «Алтын сапа» және «Ең үздік өнім Қазақстан» конкурстарына қатысады.

Бұл туралы Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Тәнатова хабарлады. Жылдан-жылға «Алтын сапа» Президенттік сыйлығы мен «Ең үздік өнім Қазақстан» республикалық конкурсына қатысуға ниет білдірушілер саны артып келеді.

Мысалы, өткен жылы осы конкурстарға облыстың 25 кәсіпкерлік субъектісі қатысқан болатын. Биыл қатысуға өтінім бергендердің саны 37-ге жетті. Олардың 13-і «Алтын сапа-2016» конкурсына қатысуды жоспарласа, 24 кәсіпкер «Ең үздік өнім Қазақстан» республикалық көрме-конкурсына қатысуды қалаған.

Палата мамандары конкурсқа қатысу ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті БАҚ арқылы кең көлемде ақпарат таратуды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету жұмыстары да жүргізілуде. Палата сарапшылары мен аудандық филиал қызметкерлері конкурс шарттарына сәйкес құжаттарды толтыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, маусым айында НПП «Атамекен» қызметкерлерінің қатысуымен оқу семинары өткізілді, оған облыстың 30-дан астам кәсіпкері қатысты.

«Ең үздік өнім Қазақстан» көрме-конкурсы биыл тамыздың екінші онкүндігінде өтеді.

Айта кетейік, 2015 жылдан бастап «Алтын сапа» және «Ең үздік өнім Қазақстан» конкурстарының ұйымдастырушысы болып Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» табылады.

Өткен жылы осы іс-шараларға қатысқан облыстың 25 кәсіпкерлік субъектісінің арасынан «Үздік өндірістік тауарлар» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломды «Қызылорда малотоннажды мұнай өңдеу зауыты» иеленсе, «Үздік халық тұтынатын тауарлар» номинациясында «Уют» ЖШС жеңімпаз атанды, ал «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында I дәрежелі дипломды «Аралтуз» АҚ алды.