«Алтын сапа» және «Ең үздік тауар Қазақстанда» премияларының иегері қалай болуға болады?

НПП РК «Атамекен» Алматы кәсіпкерлерін оқыту семинарына шақырады

2016 жылғы 29 маусымда Алматы қаласындағы кәсіпкерлер палатасында «Алтын сапа» Президент сыйлығына және «Ең үздік тауар Қазақстанның» республикалық конкурсына қатысуды жоспарлап отырған компания басшыларына арналған оқыту семинары өтеді. Семинарға қатысушыларға конкурс материалдарын дайындауда консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіліп, конкурстарды өткізу тәртібі мен ережелері түсіндіріледі, сондай-ақ сапа саласындағы халықаралық конкурстармен таныстырылады.

Семинарлар ай бойы өңірлік кәсіпкерлер палаталарында өткізіледі және 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларында ұйымдастырылады. Семинарлардың кестесі www.altynsapa.kz сайтында жарияланған.

«Көптеген кәсіпкерлер, сондай-ақ аталған беделді сыйлықтарға қатысқысы келетіндер, анкета, есептерді толтырудың негізгі талаптарын білмейді, материалдарды ұсыну тәртібімен шатасады. Осы қадамдарды түсіндіру үшін біз бұл оқыту семинарын өткізіп отырмыз. Оған қатысу үшін Алматы кәсіпкерлер палатасына алдын ала өтініш беру қажет: Гоголь көшесі, 111, 504 кабинет. Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7272) 225-18-30 (вн.7525) телефонына хабарласуға болады», - деп атап өтті Алматы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Любовь Алексеева.

«Алтын сапа» және «Ең үздік тауар Қазақстанның» сыйлықтарына арналған республикалық конкурс тамыз айында басталады: ең үздік тауар өндірушілер алдымен өңірлерде таңдалады, содан кейін жылдың соңында үздіктер Астанада бәсекеге түседі. Бұл сыйлықтар сапа белгісі болып табылады, ол жаңа келісімшарттар мен іскерлік серіктестер табуға, сондай-ақ тұтынушылар үшін өнімдер мен қызметтерді таңдауда басты көрсеткішке айналады.