You are here

ОНЛАЙН ДАУЫС БЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ 27 ФИНАЛИСТ АНЫҚТАЛДЫ

ОНЛАЙН ДАУЫС БЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ

27 ФИНАЛИСТ АНЫҚТАЛДЫ

 

2023 жылғы 27-28 қазан күндері Астанада «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының республикалық кезеңі өтті, онда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстарының 180 жеңімпаз компаниясы қатысты. Көрме қорытындысы бойынша онлайн-дауыс беруге қатысу үшін 27 финалист анықталды.

 

2023 жылғы 31 қазан мен 5 қараша сағат 24:00-ге дейінгі аралықта www.altynsapa.kz сайтында

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

«Халық тұтынатын үздік тауарлар»;

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша дауыс беру өтеді:

Әр номинация бойынша 3 жеңімпаз анықталады.

 

Дауыс беруге қатысу үшін www.altynsapa.kz сайтына өтіп, басты бетте «Онлайн дауыс беру» батырмасын таңдаңыз, содан кейін әр номинация бойынша бір кәсіпорынды таңдап, дауыс беріңіз. IP мекенжайларының қақтығысын болдырмау үшін дауыс беруді ұялы байланыс операторының ұялы желісі арқылы мобильді құрылғылардан жүргізу ұсынылады. Барлығы 3 кәсіпорын үшін бір құрылғыдан тек бір рет қана дауыс беруге болады.

 

Дауыс беру аяқталғаннан кейін сараптамалық қорытындылар, сарапшылардың бағалаулары және дауыс беру нәтижелері қоса берілген конкурс финалистерінің материалдары Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы конкурсының лауреаттары атақтарын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атақтарын беру жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы комиссияға жіберіледі.

Үздіктерге дауыс беріңіз!

 

Дата создания: 31 қазан 2023

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер