You are here

Сапа – табыс кепілі!

 

Бизнес-табыс ғайыптан келмейді. Бұл төккен тер мен жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесі

Сапа – бизнесті табысты жүргізудің басты бөлшегі әрі оған әрбір кәсіпкер ұмтылуы тиіс.

Бизнес-ортада жыл сайын ұйымдастырылатын «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары уақыт озған сайын әйгілене түсуде.

Бұл жоғарғы дәреже өнімнің, қызмет көрсетудің, сапасы мен оның қауіпсіздігі саласында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген, сондай-ақ сапаны басқаруда тиімділігі жоғары әдістерді енгізгені үшін үздіктердің үздігіне табыс етіледі.

Павлодар облысындағы ең алдыңғы қатарлы кәсіпорындар өз өнімінің жоғары сапасын, қауіпсіздік пен бәсекеге қабілеттілігін жыл сайын дәлелдеп келеді.

Мәселен, 2015 жылы «Өндірістік мәндегі тауарлар» аталымында ІІІ орынға ие болған «ЭКОпром-Павлодар», ІІ орын алған «Павлодаар құбыр илек зауыты» ЖШС, І орын алған «Қазэнергокабель»  АҚ үздіктер ретінде танылды.

«Халыққа арналған үздік тауарлар аталымында» І орынды «Kazakhstanproject» ЖШС, ІІ орынды «Свет» ҒӨК ЖШС, ал III орынды «Мерусар и К» ЖШС иеленді.

«Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында ІІІ орынды «Сагып» ШҚ, ІІ орынды «Ақжар-Өндіріс» ЖШС,  І орынды «Рубиком» ЖШС алды.

Қазіргі таңда «Қазақстанның үздік тауары – 2016» байқау-көрмесіне қатысуға 18 кәсіпорын өтінім берді, қосымша тағы 10 өндіруші қатысады деп күтілуде.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші үміткерлерді іріктеу кезеңі өңірлік деңгейде өткізіледі.

Павлодарда өңірлік іріктеуді Қала күінінде өткізу дәстүрі қалыптасқан. Бұл бизнес-субъектілерінің қызметтеріне баға беруге халықты көптеп жинауға ықпал етеді.

2016 жылдың 16 шілдесі Павлодар қаласын тойлау күні мерекелік жағдайда отандық тауар өндірушілер өңір тұрғындарының алдында өз өнімдерін көрсетеді. Қала тұрғындарына өңірде өндірілетін өнімдермен танысуға мүмкіндік беріледі.

Айта кетерлігі, басқарудың алдыңғы қатарлы әдістерін қолданудың арқасында жыл өткен сайын өңірде өндірілетін өнімдердің сапалық деңгейі артып келеді.

Байқау нәтижесінде жеңімпаздар хабарланып, ол кесіпорын брендін ілгерілетуге ықпал етеді.

Өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің қатысушыларына республикалық «Қазақстанның үздік тауары – 2016» байқау-көрмесінде Павлодар облысының атынан қатысу мәртебесі бұйырады.

Байқау Павлодар облысы кәсіпорындарының сапасы мен бәсекеге қаблеттілігін арттырудың маңызды құралына айналып, жергілікті өндірушілерге өзін республика көлемінде таныстыруға мүмкіндік беретіндігі, сондай-ақ әлеуетті бизнес-әріптестерді анықтап, өткізу нарығын жолға қоятындығы қуантады.

Дата создания: 27 маусым 2016

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер