You are here

ОРАЛДА ОҚУ СЕМИНАРЫНА 30 ШАҚТЫ КӘСІПКЕР ҚАТЫСТЫ

БҚО Кәсіпкерлер палатасында ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысушыларына арналған біркүндік жаттығу семинары өтті. 

Тыңдаушылар арасында 30 шақты кәсіпкер болды. Бұл ірі компания өкілдері ғана емес сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері. 

Шыңғырлау ауданы тұрғыны Әсел Сұлтанғалиева бүгінде тігіншілікті сәтті дөңгелетіп отыр. Бизнесвумен қыз жасауын тігумен айналысады. 

 «Біз өз мүмкіндіктерімзді паш етіп «Алтын Сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қытысқымыз келеді. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынып отырған мүмкіндікті пайдалану керек деп санаймыз. Семинарға шақыру алғанымызыға қуаныштымын. Мұнда кәсіпкерлерді мазалайтын өзекті мәселелер көтерілді, қалай құжат толтыру керек, тауарды қалай ұсыну керек айтылды», – деді «Сұлтанғалиева» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Әсел Сұлтанғалиева. 

 Жаттығу семинарын «Атамекен» ҚР ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаментінің сарапшысы, ТМД сыйлығының сарапшысы Мәдина Мұқатова және сапа енеджменті жүйесі бойынша эксперт-аудитор Виктор Ким жүргізді. 

 Байқауларға қатысудың басты критерийлері – бұл тауар, жұмыс, қызмет көрсетуде сапа саласында айтарлықтай жетістікке жету, бәсекелестікті арттыру, сапаны басқаруда жоғары тиімді әдістерді қолдану, халықаралық стандарттарды енгізу, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру. Айта кету керек, финалистерді анықтауда жаңашылдықтар енгізілген. Бұрын оларды сырттай таңдайтын, ал енді кәсіпорынға барып бағалай жұмыстары жүргізіледі», – деді Мәдина Мұқатова. 

 Семинар қатысушыларына Байқауларды өткізу шарттары мен ережелері таныстырылды. Кәсіпкерлерді сапа саласындағы халықаралық байқаулармен таныстырды, «Мүмкіндіктер» мен «Нәтижелер» критреийлері түсіндірілді, өзін-өзі бағалау, жаңашылдықтар жайында ақпарат берілді.   

 Сонымен қатар семинар барысында пікір алмасу ұйымдастырылды. Ары қарай сертификаттар тапсырылды.

 Айта кетелік, ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысам деушілер өтінімдер мен құжаттарды 2018 жыл 1 шілдеге дейін БҚО Кәсіпкерлер палатасына тапсыру керек немесе материалдарды электронды түрде altynsapa.kz сайтына жолдауға болады. ӨКП байланыс телефондары: 8(7112) 24-30-75, 24-30-78.

Дата создания: 31 мамыр 2018

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер