You are here

ЖҮЛДЕ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

 

«Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауының марапаттау рәсімі 6 желтоқсан күні ЭКСПО конгресс-орталығында өтеді

«Атамекен» ҰКП 2017 жылдың ақпан айында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының басталғаны туралы хабарлаған еді.

«Алтын сапа» сыйлығын 2006 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев отандық өндірісті дамыту және тауар мен көрсетілетін қызмет сапасын үздіксіз арттыру мақсатында бекіткен. Жыл сайын айтулы сыйлыққа үміткер ретінде еліміздің 200 кәсіпорны қатысады. «Алтын сапа» сыйлығын Мемлекет басшысы өз қолымен табыс етеді.

Байқаудың басты мақсаты – ел нарығын сапасы жоғары әрі бәсекеге қабілетті өніммен толтыру, отандық және халықаралық стандарттар негізіндегі сапамен қамтамасыз ету.

Еске салсақ, биыл «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінің республикалық кезеңі 28-30 шілде күндері Астанадағы «Көрме» орталығында өтті. Ал Комиссия қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жұмысы 18 қыркүйекте бастаған болатын.

2017 жылы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін 101 компания қатысты, ал «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына 144 компания үміткер. Төменде өңірлерден байқауға қатысып отырған кәсіпорындардың тізімі мен кәсіпорынның жұмыс бағатына қысқаша шолу ұсынамыз.

Ақмола облысы

«Щучинск қазандық-механикалық зауыты» ЖШС 

1971 жылы негізі қаланған бу қазандықтарын шығаратын жалғыз өндіруші. Зауыт қажетті қазандықтар мен қосалқы жабдықтарды дайындау және жеткізу, монтаж жұмыстарын орындау, қазандықтарды толық іске қосу және жоғары білікті сервистік қызмет көрсету жұмыстар және қызмет түрлерінің толық кешенін ұсынады.

«Алуа Строй» ЖШС

Көкшетау қаласында орналасқан жылжымайтын мүлік, атап айтқанда көп пәтерлі тұрғын үй сатыл алу мен сату операцияларын орындайтын үкіметтік емес ұйым.

Картинки по запросу ТОО Алуа Строй

«Гормолзавод» ЖШС

Майлылығы 72,5% сары май, майлылығы 10% кілегей және шоколад балмұздақ,  қоспа, құрт ұлттық тағамдарын және сүт өнімдерін өндіру мен сатуды жүзеге асыратын кәсіпорын.

Картинки по запросу ТОО Гормолзавод

Ақтөбе

«Ақтөбе мұнай жабдықтар зауыты» ЖШС 

Кешенді мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын шығару бойынша Қазақстанның ірі мамандандырылған машина жасау кәсіпорнының бірі. Еліміздегі сорғы штангасын шығарушы жалғыз кәсіпорын. Бүгінде инновациялық зауыт республика  нарығының 80 пайызын өз өнімімен қамтамасыз етеді.

 «Экотон-Батыс» ЖШС 

ҚР Президенті мен Үкімет тарапынан қолдау тапқан Қазақстанның технологиялық және инновациялық даму бағдарламасы аясында зауыт 2008 жылы өнімнің алғашқы бөлігін шығарды. Зауыт «YTONG International GmbH» неміс компаниясының технологиясы негізінде құрылыс материалдарын дайындайды.

«Ақтөбе өртке қарсы құрал-жабдықтар зауыты»

Өртке қарсы құрал-жабдықтар шығаратын еліміздегі бірегей зауыт - Ақтөбеде 2006 жылы құрылды. Алғашқыда Беларусь елінен дайын өнім әкеліп сатумен айналысқан кәсіпорын, арада алты жыл өткен соң өрт сөндіруге арналған бұйымдарды өзімізде шығаруды қолға алды.

Алматы облысы

Жаркент крахмал-сірне зауыты

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында республика бойынша ірі кәсіпорындардың бірі жүгеріні қайта өңдейтін Жаркент крахмал-сірне зауытының қуаты жылына 60 мың тонна. Кәсіпорынның негізгі қызметті жүгері дәндерін крахмал өнімдерге қайта өңдеу.

«Лепсинск өнімдері» ЖШС

2016 жылы құрылған компания бір жылдан аса уақыт аралығында  халықтың ықыласына бөленіп, Жетісу өңірінің брэндіне айналды. Лепсинск балын қазіргі таңда шетелде де біледі. Экологиялық таза бал қайталанбас өзіндік дәмімен ерекшеленеді.

«АбдиИбрахимГлобалФарм» ЖШС 

Кәсіпорын Қазақстан Республикасы импорт алмасу саясаты аясында 2000 жылдың қыркүйегінде құрылды. 2002 жылы зауыт 4 дәрі түрінен тұратын алғашқы дәрі-дәрмек партиясын шығарды. 2003 жылдан 2011 жылға дейін өнім портфелі 20 дәрі-дәрмек түрлерінен 100-ден аса түріне дейін көбейді.

«Рыбпром» ЖШС

Балық кластерін дамыту аясында ашылған зауытты жүзеге асыруға 60млн.теңге қаражат жұмсалды . Нысанда 50 жаңа жұмыс орны пайда болды. Зауытта тәулік ішінде 5 тонна жаңа ауланған балық өңделеді.  

Алматы

«InformConsulting» ЖШС

Қазақстандық жүйелі интегратор, ақпаратттық шешімдерді, технологиялық құрал-жабдықтарды және ақпараттық қауіпсіздікті жеткізуші, сонымен қатар, алдыңғы қатарлы ақпараттық жүйені дайындаушы компания. IT нарықта  2004 жылдан жұмыс жасап келе жатқан InformConsulting қазірде Қазақстанның жедел даму үстіндегі ТОП 25 компаниясына кіреді.

Картинки по запросу ТОО «InformConsulting»

«Издательский дом «Успех» ЖШС

Дизайн, баспа, журналистика саласында қызмет көрсетумен айналысатын баспа үйінің көмегімен жарнамалық өнімді дұрыс орналастыруға қол жеткізуге болады.Ұйым баспа алдын дайындау мен шыққан ақпаратты реттеу жұмыстарын атқарады.

«Bilim Media Group» ЖШС

Инновациялық компания Қазақстан нарығы үшін жаңа электрондық оқуды қалыптастыруда.  Білім беретін контентті дайындау, оқшаулау және таратумен қатар оқыту барысына байланысты технологиялар  мен қызмет көрсету түрлерін жинақтаумен айналысады.

«QS Azia Seritik» ЖШС

Компания менеджмент жүйесін сертификациялау бойынша ҚР техникалық бақылау мемлекеттік жүйесінің аккредитациясынан өткен алғашқы ұйымдардың қатарына жатады. «QS Azia Sertik» тек Қазақстан территориясында ғана емес, алыс және жақын шетел компанияларына қызмет көрсетеді.

Похожее изображение

«IFC COLOS» ЖШС

Тасымалдау көліктерінің барлық түрлерімен дүниежүзі бойынша жүктің кез келген түрін тасымалдайтын жоғары сапалы көліктік-экспедиторлық қызмет көрсетудің толық спектрін ұсынатын Қазақстандық компания.  IFC COLOS ҚР кеден өкілдерінің тізіміне қосылғандықтан кедендік рәсімдеудің толық спектрін ұсынады.

 «Трансавиа» ЖШС

2000 жылы негізі қаланған компания Қазақстан нарығында туристік қызмет көрсету бойынша алдыңғы қатарлы агенттік.  Ұйым сенімді, тәулік бойы қызмет көрсетумен қатар төмен бағалар мен тиімді төлем жасау жағдайларын ұсынады.

Картинки по запросу ТОО «Трансавиа»

«СК «НОМАД Иншуранс» АҚ

Компания заңды және жеке тұлғалардың барлық санаттары үшін сақтандыру шешімдерінің жалпақ ауқымын ұсынады, сондай-ақ Қазақстандық және шетелдік сақтандыру ұйымдарының тәуекелдерін қайта сақтандыруға табыстайды және қабылдайды. Бүгінгі таңда Компания Қазақстанның 17 негізгі қаласында, 57 стационарлық және 1000-нан астам мобильді сату офистерінде орын тепкен. Қызметкерлер штаты 850 адамнан асады.

Похожее изображение

 «ҚАЗАҚСТАН – отын-энергетикалық кешені» ЖШС

Компания дизельді отынды, бензинді, мазутты, пеш отын ағызу мен толтыру, сақтау, ауыстырып тиеумен қатар әртүрлі майларды сақтау және сату жұмыстарымен айналысады. ҚР көліктік және теміржол тасымалдау бағыттарының негізгі пунктерінде орналысқан 55 жанармай қоймасы бар.

Картинки по запросу ТОО «Топливно-энергетический комплекс – КАЗАХСТАН»

 «Әдемі-Ай plus» ЖШС

Ұлттық кәдесый өнімдерін дайындау және сатумен айналысатын кәсіпорын. Компанияның басты мақсаты – қазақ халқының мәдени мұрасын сақтап қалу.

Картинки по запросу ТОО «Әдемі-Ай plus»

«Aigul Line» ЖШС

Киіз өнімдерін өндеу арқылы киім, аяқ киім, үйді сәндейтін бұйымдар және аксессуарлар жасайтын компания 2002 жылы құрылып, қазіргі таңда танымал брэндке айналды.

Похожее изображение

«Салон эксклюзивных шляп «EleGant» ЖШС

Компания бас киімдерді шығаруға маманданып, велюр, табиғи тері, жүн, сабан материалдарынан шляпалар жасайды.  Ұйымның жеке конструкторлары мен дизайнерлері заманауи сән үлгілеріне сәйкес жаңа модельдер жасайды.

 «DOSFARM» ЖШС

Алматыда дәрілік препарат, косметикалық өнім мен биоқоспалардың шығаратын компания 16 жылдан бері нарыққа шыққан. Осы уақыт аралығында отандық нарыққа кеңінен танылып, еліміздің әр өңірінде өз өкілдігін ашып, экспортқа да шығып отыр.

Картинки по запросу ТОО «DOSFARM»

 «Цин-Каз» ЖШС

1998 жылы құрылған  көкөністер мен жеміртерді қайта өңдейтін ірі кәсіпорын.

Картинки по запросу ТОО «Цин-Каз»

«МПЗ БИЖАН» ЖШС

1998 жылы құрылған  ет пен шұжық өнімдерін өндірісімен айналысатын кәсіпорын қазіргі таңда 80-ге жуық өнім түрін ұсынады.  

Картинки по запросу ТОО «Мясоперерабатывающий Завод БИЖАН

«Казлегпром-Алматы» ЖШС

Нарықта 2011 жылдан бері пайда болған еліміздің жеңіл өнеркәсібінің жоғары технологиялық тігін бұйымдары мен аяқ киім өндірісі өнеркәсіптерінің бірі.

Картинки по запросу ТОО «Казлегпром-Алматы»

«Tea House» ЖШС

Ұйым шайды өлшеп орау мен буып-түю қызметін 2001 жылдан бастаған. Өнеркәсіптің технологиясы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жауап беретін халықаралық сапа стандарттарына негізделген екі зауыт жұмыс істейді.

Картинки по запросу ТОО «Tea House»

«Алматинский продукт» ЖШС

Қызметтің негізгі түрі: халва мен кондитерлік өнімдер өндірісі.

«IDC (АйДиСи)» ЖШС

Ақпараттық сенсорлық жабдықтар жеткізу және орнатумен қатар жүйелі қызмет көрсету жұмысын атқарады.

«СОЛО ЛТД» ЖШС

Өндіріс радиациялық бақылау құрал-жабдықтарын шығарады.

«Оздоровительный центр Масимова» ЖШС

2013 жылдың көктемінде компания туберкулезды скринингтік тәсілмен анықтайтын Bio Focus Co.,Ltd (Оңтүстік Корея) экспресс тесттін көпшілікке ұсынды.

«Metall Prom Group» ЖШС

Соңғы бес жыл көлемінде металл өнімдерін өндіру бойынша жақсы көрсеткіштермен көзге түсуде.

«КЕЛЕТ» АҚ

Компания сумен жабдықтау, жылу және желдету жабдықтарын өндіру және сату жұмыстарымен айналысады.

Похожее изображение

Астана 

 «Медикер - промышленная медицина» ЖШС 

Компанияның негізгі міндеті денсаулық сақтау саласында қызмет ету.

«International Gold Group» ЖШС 

«International Gold Group» мамандандырылған дүкендерде бөлшек сауда жасайды.

Картинки по запросу ТОО «International Gold Group»

«БАРК Технолоджи» ЖШС 

Компания медициналық жабдықты өндірісі мен импортталуын жүзеге асырады.

Похожее изображение

«Көкжиек-Горизонт» ЖШС 

Қазақстанның білім беру саласын модернизациялау бағдарламасы аясында оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындап, шығарады.

Картинки по запросу ТОО «Көкжиек-Горизонт»

«Golden Rill Trade» ЖШС 

«Golden Rill Trade» компаниясы ауыз суды шығару және таратуды жүзеге асырады.

«DD21» ЖШС 

Компания Қазақстанның барлық өңірлеріне копоративтік тапсырыстармен жиһаз дайындайды.

Картинки по запросу ТОО «DD21» мебель

«ПИК ASTANA Ютария ltd» ЖШС

Тігін және тоқыма өндірісі бойынша маманданған кәсіпорын.

Похожее изображение

«Астаналық шұлық фабрикасы «Бота» ЖШС

Тоқыма бұйымдарын дайындауға маманданған кәсіпорын.

«Қазақ оюлары» ЖШС

Түйе жүннен жасалған көрпелер мен жастықтарды дайындайтын кәсіпорын.

Ковры для гостиной

«Industrial Company «ZOOM» ЖШС

Пластмасса бұйымдарын өндіруге маманданған кәсіпорын ҚР елтаңбасы мен жалауын дайындау қызметін атқарады.

Картинки по запросу ТОО «Industrial Company «ZOOM»

«Аmitech Astana» (Амитех Астана) ЖШС

Кәсіпорын түрлі пішіндегі шыныдан жасалған құбырларды өндіруге маманданған.

Картинки по запросу ТОО «Аmitech Astana» (Амитех Астана)

«Столичная Стеклопакетная Компания» ЖШС

«ССК» кәсіпорны шыныны қайта өңдеуге маманданған.

Картинки по запросу ТОО «Столичная Стеклопакетная Компания»

«Спецэлектра» ЖШС

Кәсіпорын түрлі типтегі трансформаторлық қосалқы станцияларды өндіруге маманданған.

Картинки по запросу ТОО «Спецэлектра»

«STONE HOUSE» («СТОУН ХАУС»), STONE DECOR сауда маркасы 

Кәсіпорын табиғи тастан жасалған бұйымдардын шығару және жеткізу қызметін жүзеге асырады.

«Professional Development Centre» ЖШС 

Орталық ағылшын тілі курстары, біліктілікті арттыру, емтиханға (тест)  дайындық қызметін көрсетеді.

Картинки по запросу курсы английского языка

«Integra Construction KZ» ЖШС 

Компания құрылыс техникасы мен құрал-жабдықтарының толық кешеніне ие. Техникалық паркте 200 трактор машиналары, 500 автокөлік құралдары және 2500 жол техникасы бар.

Похожее изображение

«Қағанат Company» ЖШС 

Кәсіпорын қоғамдық тамақтандырумен айналысады.

Картинки по запросу ТОО «Қағанат Company»

«МЫРЗА-ХАН» ЖШС 

Ұйым медициналық қызмет көрсетудің толық кешенін қамтиды.

Похожее изображение

«Скулбас» ЖШС

Қызмет көрсету саласы: жолаушылар тасымалы, көлік жалдау.

Картинки по запросу ТОО «Скулбас»

«LPG Дистрибьюшн» ЖШС

Кәсіпорын газ желісі мәртебесіне ие және газ құю станциясынан сұйытылған мұнай газын сақтау мен сату жұмыстарын жүзеге асырады.

Картинки по запросу ТОО «LPG Дистрибьюшн»


 

Атырау облысы 

«Рауанналко» ЖШС 

Компания химиялық реагенттер өндірісіне маманданған.

Похожее изображение

«Карат» ЖШС

Қызмет көрсету саласы: құрылыс, сиыр еті өндірісі, «Мөлдір» ауыз суы өндірісі .

«СП Первомайский» ЖШС

 «СП Первомайский» сүт фермасы еліміздің индустриалдық-инновациалық даму бағдарламасы негізінде құрылған.

Похожее изображение

Шығыс Қазақстан облысы 

«Восток-Молоко» ЖШС

Кәсіпорын сүт және сүт өнімдерін өндіру және өңдеумен айналысады.

Картинки по запросу ТОО «Восток-Молоко»

«Бухтарминская цементная компания» ЖШС

Компания цемент өндірісіне маманданған.

Картинки по запросу ТОО «Бухтарминская цементная компания»

«СемАЗ» Автожинақтау заводы» ЖШС

Құрам, жартылай құрамдар мен автокөлік құралдарын жинақтау мен сатуды жүзеге асыратын отандық заманауи завод.

«Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

 Ұйым білім беру қызметтерін көрсетеді.

«Роза валяльно - войлочный комбинат» ЖШС

Компания байпақ-киіз бұйымдарын өндіру саласында қызмет көрсетеді.

«Сова» ЖШС

Қызмет көрсету саласы: жалға алу, меншікті жылжымайтын мүлікті ұсыну және кабельді теледидар қызметтері.

Жамбыл облысы 

«Учебный центр «Эксперт» ЖШС

«Учебный центр «Эксперт» мамандандырылған, ғылыми және техникалық қызмет көрсету.

«Қазфосфат» ЖШС

Кәсіпорын химия саласының өнімдерін шығаруға маманданған.

Батыс Қазақстан облысы 

«Уральская торгово-промышленная компания» ЖШС 

Қызмет көрсету саласы: полиэтиленді құбырларды, профлист және металл-жабынқыш, жол белгілері мен шаруашылық мақсаттағы пластмасса бұйымдарының өндірісі.

«ТМК Казтрубпром» ЖШС

Кәсіпорын сорғы-компрессорлық құбырларды кесу, шегендеу құбырларын кесу қызметін атқарады.

Похожее изображение

«Нұржанар» АҚ 

Компания квас, сыра, ТМ «Нұржанар» атындағы ауыз су өндірісімен айналысады.

Қарағанды облысы 

«Карэлектроспецстрой» ЖШС

Қызмет көрсету саласы: құрылыс-монтаждау жұмыстары, құрылыс, электр станцияларын және электр желілерін жөндеу.

«Дефектоскопия» Ғылыми-өндірістік бірлестігі

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, техникалық диагностика және бақылауды жүзеге асыратын компания.

Картинки по запросу НПО Дефектоскопия

BAYAN компаниясы

BAYAN компаниясы азық-түлік өнімдерін өндіру, көтерме және бөлшек садасымен айналысады.

«Энергосистема ЭЛТО»

Компания электр бұйымдары мен металл конструкцияларын жасау және өндіруге маманданған.

Картинки по запросу «Энергосистемы ЭЛТО»

«Бёмер Арматура»

Арматура әзірлеу мен өндіру жұмыстарын жүзеге асыратын компания.

Картинки по запросу «Бёмер Арматура»

Қостанай 

«АгромашХолдинг» АҚ

Автокөлік және ауыл шаруашылық техникасын шығарумен айналысатын компания.

Картинки по запросу АО «АгромашХолдинг»

«Евраз Каспиан Сталь» ЖШС

Кәсіпорын болат шыбықтар шығаруға маманданған.

Картинки по запросу ТОО «Евраз Каспиан Сталь»

«Одақ» ЖШС

Компания ауыз су және минералды су өндірісі қызметін көрсетеді.

Похожее изображение

Қызылорда облысы 

«Абзал и К»

«Абзал и К» күріш пен күріш жармасы өндірісіне маманданған кәсіпорын.

Картинки по запросу ПТ «Абзал и К»

«Аралтұз» акционерлік қоғамы 

Компания техникалық және ас тұзын өндіру, қайта өңдеу және сату қызметін көрсетеді.

Картинки по запросу Акционерное общество «Аралтуз»

Маңғыстау облысы 

«Завод Стеклопластиковых Труб» ЖШС 

Кәсіпорын пластикалық құбырлар өндірісіна маманданған.

Картинки по запросу ТОО «Завод Стеклопластиковых Труб»

«Каскор-Машзавод» АҚ

Компания автоматтандырылған газ пештері мен әр түрлі конфигурациялы ыдыстардың өндірісімен айналысады.

ОО «СП "CASPI BITUM» 

Қызмет көрсету саласы: мұнайды өңдеу барысында тотыққан және модификацияланған битумды бөліп алу.

Картинки по запросу ТОО «СП «CASPI BITUM»

«Zhamal-ai LTD» ЖШС

Кәсіпорын арнайы аяқ киімдер мен тігін бұйымдар өндірісін шығаруға маманданған.

Похожее изображение

«MKS Logistics» ЖШС 

Компания халықаралық жүк тасымалы қызметін көрсетеді.

Картинки по запросу ТОО «MKS Logistics»

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 

Қызмет көрсету саласы: мұнай және мұнай өнімдерін өндірісі.

Картинки по запросу АО «Мангистаумунайгаз»

«БИКАДА» ЖШС

Компания байланыс қызметтерін жүзеге асырады.

Похожее изображение

Павлодар 

«Проммашкомплект» ЖШС 

Компания теміржолдың беткі қабаттарындағы бөлшектерді жасау мен дөңгелек өндірісі қызметін атқарады.

«МолКом-Павлодар» ЖШС 

Кәсіпорын сүт өнімдерін өндірумен айналысады.

«Arinvest» ЖШС

Қызмет көрсету сласы: болат құбырларды, пішінделген бұйымдарды өндіру.

«Қазтұтыну одағының Павлодар экономикалық колледжі»

Ұйым білім беру саласында қызмет көрсетеді.

Картинки по запросу УО «Павлодарский экономический колледж Казпотребсоюза»

«NFC Kazakhstan» ЖШС

«NFC Kazakhstan» құрылыс саласында маманданған кәсіпорын.

Солтүстік Қазақстан облысы 

«AVAGRO» ЖШС

Компания ауыл шаруашылық техника шығару саласында маманданған.

«Завод им. С.М. Кирова» АҚ

Қызмет көрсету саласы: мұнай-газ, энергетика, теміржол, агроөнеркәсіп кешеніне арналған жабдықтар өндірісі.

Картинки по запросу АО «Завод им. С.М. Кирова»

«Фирма Алекри» ЖШС

Кәсіпорын тауық жұмыртқасын өндіруге маманданған.

Картинки по запросу ТОО «Фирма Алекри»

Қазақстандық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Солтүстік Қазақстан кәсіби педогогикалық колледжі»

Ұйым білім беру саласында қызмет көрсетеді.

Северо-Казахстанский профессионально-педагогический колледж

«Алтын Тау-НЧ» ЖШС

 «Алтын Тау-НЧ» құрылыс саласында қызмет көрсететін кәсіпорын.

Картинки по запросу ТОО «Алтын Тау-НЧ» строительство

Оңтүстік Қазақстан облысы 

«AZALA Textile» ЖШС

«AZALA Textile» тоқыма өнеркәсібінде қызмет көрсететін кәсіпорын.

Картинки по запросу ТОО «AZALA Textile»

«Хамит» Ауылшаруашылық өндірістік кооперативі

Компания балық өнімдерін аулау, өңдеу және сату қызметін атқарады.

Похожее изображение

«PHYTO-APIPHARM» ЖШС

Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар, косметикалық бальзамдар, жыныстық гигиена үшін кремді карандаштар жасауға маманданған кәсіпорын.

Похожее изображение

«Үсенов Н» шаруа қожалығы

Кәсіпорын түйе сүтін өндіруге маманданған.

Картинки по запросу Крестьянское хозяйство «Үсенов Н»

«Planta» ЖШС

«Planta» фито-өндіріс саласында қызмет көрсетеді.

Картинки по запросу ТОО «Planta» аптечки

«Бал текстиль» ЖШС

Шығаратын өнімдері: кілемдер мен кілем өнімдері, полипропилен жіптер.

Картинки по запросу бал текстиль шымкент

«Кентау трансформатор заводы» АҚ

Жалпы мақсаттағы қуат трансформаторлары үш фазалы, майлы және секциялы құрғақ оқшаулаумен I-II-III габаритті кернеуі 10-35-110 кВ.

Картинки по запросу АО «Кентауский трансформаторный завод

Еске салсақ, «Алтын Сапа» ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 2006 жылдан бастап өткізіледі. 2015 жылдан бастап конкурстың ұйымдастырушысы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Дата создания: 27 қараша 2017

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер