You are here

«SANAMIX» – ЖЕТІСУДЫҢ ЖАҢА БРЕНДІ

Талдықорғанда алғаш рет құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын «Сана» Халықаралық жекеменшік корпорациясы» ЖШС ірі зауыт іске қосылды. Кәсіпорынды бизнес саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіпкер Сайлау Ахметжанов ашқан.

Кәсіпорын күніне 50 тонна өнім шығарады. Алты түрлі тауар - цемент сылауы, гипс сылауы, кафельді желім, құйма еден, теңдестіруші тегістеуші, көмбе тегістеуші «Sanamix» брендімен сатылымға шығарылуда. Отандық өнімнің жоғары сапасын неміс және швейцарлық технология қамтамасыз етеді. Өнімнің тағы бір ерекшелігі оның бағасында. Тауар құны нарықтық бағадан төмен.

«Қазіргі өндіріс көлемі алдағы уақытта өңірімізді құрғақ құрылыс қоспаларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сапасы жағынан «Alinex» немесе «Rotband» сияқты танымал брендтерден еш кем емес. «Sanamix» олармен тең дәрежеде бәсекелесе алады. Сонымен бірге, біздің өнім 700-800 теңгеге арзан», – дейді «Сана» ХЖК» басшысы Сайлау Ахметжанов.

Кәсіпкердің сөзінше, өндіріс орнында 12 адам жұмыс істейді.

«Бұндай кәсіпорын облысымызда жоқ. Зауыттың ашылуы бизнесті қолдауға ерекше мән беретін Мемлекет басшысының бастамаларына қолдауы мен қосқан үлесіміз», - дейді Сайлау Ахметжанов.

Қазіргі таңда кәсіпорын болашақ серіктестерімен тауарды өткізу бойынша келіссөздер жүргізу үстінде. Алдағы уақытта «Sanamix» отандық бренді құрылыс дүкендерінің сөресінен орын табады.

Өз кезегінде облыстық Кәсіпкерлер палатасы «Сана» ХЖҚ» ЖШС Отандық тауар өндірушілер тізілімен енгізіп, кәсіпорынның мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік сатып алуға қатысу, өнімдерді нарыққа шығару және т.б. бағыттар бойынша сүйемелдеу жүргізеді.

Дата создания: 21 қыркүйек 2018

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер