You are here

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Левин В.Д.» ЖК

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қазақстанның үздік тауары –2016» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздарының бірі

«Левин В.Д.» кәсіпорны 1992 жылы құрылған. Қызметінің негізгі түрі – қайыңнан жиһаз дайындау.

Кәсіпорын ас үй орындықтары мен үстелдерін, кресло-әткеншектер, орындықтар, балалар бөлмесіне арналған жиһаздар, жұмсақ жиһаздар, ойыншықтар жасайды.

Өндіріс көлемі жылына 143,9 млн теңге.

Кәсіпорында жиһаз өндірісінің бес сатылы технологиясы қолданылады. Еңбек бөлінісі, өндірістің конвейерлік тәсілі және әр кезеңдегі сапа бақылауы өнімнің қолайлы бағасын ұстап тұруға мүмкіндік беріп, жоғарғы сапаны сақтап қалуды қамтамасыз етеді.

Барлық өнімдер 19917-93 және 16371-93 Мемлекеттік стандарттарында бекітілген Қауіпсіздік (сапа) талаптарына сай келеді.

Кәсіпорын облыстық, өңірлік және халықаралық байқаулар мен көрмелерге қатысып, жеңімпаз атанған. Марапаттарының арасында көптеген дипломдар, медальдар, мақсату қағаздары мен алғыс хаттар бар. 2014 жылы «Левин В.Д.» жеке кәсіпкерлігі республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпазы атанды.

Әлеуметтік міндетті жүзеге асыру шеңберінде «Левин В.Д.» жеке кәсіпкерлігі отбасылық типтегі балалар ауылына, жасөспірімдер үйіне, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына, жетім балалар мен қараусыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатына демеушілік жасап, қайырымдылық істерді тұрақты түрде жүргізіп отырады.

Дата создания: 16 қараша 2016

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер